«Жүру түрлері», «Айналадағы табиғат»

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы

ЖШС:  «Рауан» балабақшасы тәрбиешісі:

Алламбергенова  Жанат Унгарбаевна

Білім беру саласы: «Денсаулық» , «Таным»

Оқу іс — әрекет түрі: Дене  шынықтыру, қоршаған  ортамен  таныстыру.

Тақырыбы: «Жүру  түрлері», «Айналадағы  табиғат»

Мақсаты: Жүру  әдістерін  үйрету,  дене  қимылын  дамыту, аяқ  бұлшық  еттеріне  жаттығу  жасау.  Жерде  өмір  сүреміз, суды  ішеміз, бізді  жасыл  желек  қоршайды, төбемізде  аспан, онда  күн  болатының  меңгерту.

Әділ – тәсіл: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету.

 

Іс-әрекет кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушыБалаларға  қораптағы  сылдырмақтарды  көрсетіп  таратып  беріп  жаттығуға  ұйымдастыру, бір – бірінің  соңынан  сылдырмақты  қолына  ұстап  жүру, баяу  жүгіру, шеңбер  болып  тұру.Жаттығуларды  тәрбиеші  көрсеткен  үлгі  бойынша  орындау.
Іздену — ұйымдастырушыЖан – жақты  дамыту  жаттығулар:I -Бастапқы  қалып: аяқты  бірге, қол  төменде.1 – қолды  жоғары  көтеру. 2 – оңға, 3 – солға  сылдырлату, 4 – бастапқы  қалып. 3-4 рет  қайталау.II – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1-отыру, 2- сылдырмақты  тізеге  ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.III – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  жанында  1 – 2 алға  қарай  сермеу, 3 – 4 артқа  қарай  сермеу. 4 – 5 рет  қайталау.IV — Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1- қолды  созу, 2- аяқты  ұшына  тигізу, 3- бастапқы  қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.V — Бастапқы  қалып: аяқты  бірге  қойып.Қояндарша  қос  аяқтап  секіру.

Негізгі  қимылдар:

Тізбекпен, тізені  жоғары  көтеріп  қатармен  және  шеңбер  бойлап  сылдырмақты  сылдырлатып  жүру, арқан  байлап  жүру. Содан соң «Ғажап  тоғайға»  балаларды  ертіп  келу. (ауладағы  табиғатқа  серуен). Онда  балаларға  жасыл  ағаштарды  көрсету, жапырағын  ұстау, бұл  не  қандай?  Деген  сұрақтар  қойып  түсіндіру. Аспанға  қаратып  онда  не  көріп  тұрғанын  сұрау  немесе  айтып  көрсету. Гүл  теріп  құмыраға  жинатып  салғызу, өсіп  тұрған  гүлдерге  су  құйғызу.

Торғай, гүл, аспан  жер, су  деген  сөздерді  түсініп  сұрақтарға  жауап  береді. Гүлдерге  су  құйып, ұнаған  гүлді  жұлып  алып  құмыраға  суға  салып  қояды.
Рефлексивті коррекциялаушыБалалардан  не  ұнағанын  сұрау, қолында  не  бар  оны  құмыраға  не  үшін  салатынын  түсіндіру  мен  сұраққа  жауаптар  алу. Балалардың  қимыл  әрекетін  мақтау.

 

Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртуы: қимылдарды  қайталап  орындау, гүлді  тану.

Түсінуі:  жаттығуды  дұрыс  орындауды, гүлдерді  тамашалауды.

Қолданады: табиғатқа  өз  бетінше  бақылау  жасауы, сылдырмақпен  ойнауды.