«Балабақша бөбегі – ертеңгі ел тірегі» атты бүлдіршіндердің концерті

«Балабақша бөбегі – ертеңгі ел тірегі»

1 жүргізуші:

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені,

Қазақтың, ол анық қой, өнер кені.

Тарихи кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендері.

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиылған топ үлкен кіші,
Армысың,айналайын, халқым менің!

2 жүргізуші:1-маусым балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Балабақша бөбегі – ертеңгі ел тірегі» атты бүлдіршіндердің концертіне қош келдіңіздер!

Еліміздің  тәуелсіздігіне 25 жылдық мереке  баршамызға  құтты  болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған  бақыт — маңдайымызға дарып, алақанымызға  қонды. Мемлекетіміздің  өсіп-өніп шыңға жетіп өркендеуі — біздің   жетістігіміз, олай болса  бүгінгі  салтанатты  жиынымызды   ашық  деп  жариялаймыз.

Естай:

Ассаламағалейкум халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің,
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді.
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

Р. Кәусар:

Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің

Тұрса артық не арман бар өмірде.

ҚР әнұраны орындалады.

 

Архимед:                                                                                           Диана:

Отан – тарих, Отан – тіл,                                                               Құтты шаңырақ Отанда

Жасаған елім, өз халқым.                                                              Білім алған батамда

Отан – өлең, Отан – жыр,                                                             Осы тілде сөйлеген

Көтерген көкке ел даңқын.                                                          Бабам менен атамда.

Альбина:  Біз тарих пен тағдырдың бұралаң көп жылдары мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтарды басымыздан өткізіп келген елміз.

Қ.Асылайым: Бүгін тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді елміз. Мақсаты – өркениетті ел қатарына қосылу. Табиғаты – заңғар таулар, мөлдіреген өзен-көлдер.

Мерей: Туған жылы – 1991 жыл. Туған күні – 16 желтоқсан.  Қазақстан! Егеменді тәуелсіз мемлекет.

Ән: «Қасиетті домбыра»

Би: «Қуыршақ» биі

Нұрбақыт:

Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!

Еркеназ:

Бар байлықтың басында
Туған Отан тұр биік
Пейілі үшін қазақтың
Маңдайынан нұр сүйіп

Ержан:

Тыныш менің, отаным
Ырыс менің, Отаным
Ардақтайтын отанын
Мен Отаншыл баламын

Құралай:

Жалғыз отан өзіңсің
Жүрегімнің түбінде
Оттай ыстық сезімсің
Күнім – Отан, күлімде!

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Тоқжан:

Мың бұралып би билеп,

Шығамыз біз ортаға

Бүгінші той тамаша

Қуанамыз балаша.

«Боз жорға» биі

Аяна:

Біз жасұлан – отан ана өркені
Үміт артқан балашаққа ертеңі
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Үлгі болып жасартамыз өлкені – деп Пірман Естайдың орындауында «Жас ұлан» әні.

Инабат:

Тал шыбықтай бұралған,

Өнерлі ғой қыздар ай.

Сүйсіндірген биімен

Бақшамыздың қыздары ай.  «Гүлдер» биі.

Жаннұр:

Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!

С.Еркежан:

Бабалардың көзіндей
Даналардың сөзіндей
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!

Нұрай:

Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап – жас болып
Мен үлкен болғанда да

Ән: «Астана» Сәбит Асылай мен Бақыт Кәусардың орындауында.

Е.Айбибі:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән шашуын біздерге алып келген,

Өнерлі өрендерді қарсы алайық.

Би: «Қазақстан»

 

Нұрлы:

Туған өлке. Өтебай Тұрманжанов

1)Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәндә даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, енткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ән: «Туған ел» Рахметолла Кәусар мен Әбдіғали Диананың орындауында.

 

Жанерке:

Әрбір ұлттан болсақ та,

Туыспыз біз бәріміз.

Бақытты елде тұрған соң,

Бір болады әніміз.

Асылай:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз деп.

Келе жатқан көш керуен,

Мәңгі бірге жанымыз деп.

«Өзбек» биі

 

Тоқжан:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты ата мекенім,

Ол менің – Қазақстаным!

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Ол менің – Қазақстаным!

Инабат:

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін.

Айтшы білгің келе ме?

Отан — сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлке, астанаң,

Отан – туған ауылың.

Айбибі:

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы достарың,

Көңілге мұны түйе біл.

Отаныңды ардақтап,

Өз анаңдай сүйе біл.

«Жалқаубек»  әні. Қасымқызы Асылайым

 

С.Айерке:

Таңы жайнап атқан ел,

Жаны нұрға батқан ел.

Тәуелсіздік жолында,

Қазақтығын тапқан ел!

Талап:

Қазақстан – күн елі,

Қазақстан – гүл елі.

Бақыт құшқан ұл-қызы,

Күндей болып күледі.

Расул:

Қазақстан – бау елі,

Қазақстан – тау елі.

Әуеніне бұлбұлың,

Қосылады әуенің.

«Көбелектер» биі

 

Р.Кәусар:

Қазақстан тәуелсіз азат елім,

Кең байтақ, қасиетті туған жерім.

Таңдай қағып бар әлем тамсанатын

Құдіретіңнен айналдым асыл елім.

Естай:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,

Көреріңді көрсеңде азаппенен.

Хор: «Ұлтым қазақ өшпесін»

1-жүргізуші:

Алтайдан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Сол тәуелсіздіктің қолымызға тигеніне, міне 25 жыл толып отыр.

2-жүргізуші:

Әрине, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ел аңсаған бұл тәуелсіздікке сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аққан тері мен төккен қаны арқасында келіп жеттік.

1-жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ашық аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешейік.

2-жүргізуші: тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын! Осымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концертіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!