Шөлейт зонасы

Сабақтың тақырыбы:   Шөлейт  зонасы 

Сабақтың мақсаты:  Қазақстанның  шөлейт зонасына сипаттама беру

Білімділік:  Қазақстанның  шөлейт зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін дамыту.  Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру. саяси-идеялылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа баулу. Оқушыларды өз халқының тарихын оқып білуге,салт-дәстүрін сақтауға,мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, табиғат зоналарының картасы, атлас. тірек-сызбалары,слайд.

Сабақтың түрі: баяндау-әңгімелесу, , аралас сабақ

Сабақтың тегі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:   көрнекілік, баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.

Сабақтың тәсілі: жалпы класпен,жұптастыру

Пән аралық байланыс: математика, физика, химия, биология, әдебиет, география

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар мен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру

«Бұл қандай адам?» тренингі арқылы оқушыларды сабаққа психологиялық белсенділігін қалыптастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру 
  2. Дала зонасының аумағы қанша?
  3. Климаты қандай?
  4. Жылдық орташа температурасы (жаз, қыс) қанша?
  5. Жауын – шашын мөлшері қанша?
  6. Қандай өзендер жатады?
  7. Топырағы қандай?
  8. Жануарлар дүниесі
  9. Өсімдіктер жамылғысы

ІІІ. Жаңа сабақ

А) фронталды әңгіме

Уа, туған жер

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Ұлан ғайыр жері бар біздің – Қазақстанымыз.Әр адам өз туған жері, кіндік қаны тамған жерін ұмытар ма? Қазақ деп соққан жүректері әр адам елін мақтаныш етпес пе? Осы дархан кең даланың бар байлығы сақтау және бағалау сіздердің қолдарыңызда. Табиғаттың берген сыйы жеріміздің байлығы оны сіздер жақсы білесіздер. Біздің аумағымызда қанша табиғат зонасы бар еді? Біз қандай табиғат зонасын зерттеп болдық?  Біз осы кең байтақ жеріміздің табиғатының шөлейт зонасымен танысқалы отырмыз.

 Ә) Шығармашылық тапсырма

Бұл үшін мен сіздерді (рөлдік ойын) саяхатқа шақырғым келіп отыр. Осы табиғат зонасын зерттеу үшін мамандар керек емес пе? Сол мамандарды сайлайық. Картораф, климатолог, ботаник, гидролог, зоолог, экологтар шөлейт зонасы туралы мәлімет жинап, зерттеп талдасын.

Картораф  Шөлейт зонасы дала мен шөл зонасының аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км созылып жатыр. Республика аумағының 10,8 % — ын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48°С с. е. бойымен өтеді.

 

Климатолог Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.

 

 

Ботаник Өсімдіктері

Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан,түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақатжәне таңқурай өседі.

 

 

Гидролог Тұрақты ағатын ең ірі өзендері — Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көлбар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.

 

 

Зоолог Жануарлары

Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ,қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі,қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбасжылан, су жыланы, улы жыландардан — сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.

 

Сонымен балалар, шөлейт зонасы туралы біраз хабардар болған секілдіміз. Біз қай жерде тұрмыз?

Біз мекеніміз туралы не білеміз? (видео ролик)

Өте жақсы!

Енді сіздер шаршаған боларсыздар, сол себепті сергіту сәтіне мен «Ең, ең….» ойынын ойнайық

  1. Қазақстанмен шектесетін ең үлкен мемлекет? (ресей)
  2. Қазақстандағы ең ұзын өзен? ( Ертіс.)
  3. Ең үлкен көл – Каспий.
  4. Ең құнарлы топырақ – қара топырақ.
  5. Ең Ірі бөген – Бұқтырма.
  6. Ең кең таралған топырақ түрі – қоңыр, қоңыр-сұр.
  7. Экологиясы ең нашар көл – Арал.
  8. Ең үлкен материк (еуразия)
  9. Ең суық мұхит? (солтүстік мұзды мұхит)
  10. Ең үлкен арал? (гренландия)
  11. Ең суға төзімді жануар? (түйе)
  12. Ең биік шың? (эверест)
  13. Ең үлкен мұхит? (тынық мұхиты)
  14. Ең терең шұңғыма? (мариан)
  15. Ең ыстық материк? (африка)

 

 

ІҮ. Сабақты пысықтау

Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында «Ыстық орындық» стратегиясын пайдалану. Оқушылар сабаққа байланысты бір-бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадағы орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады.

Сұрақтардың мазмұны:

  1. Шөлейт зонасының географиялық орнының ерекшелігі қандай?
  2. Ұзындығы қанша?
  3. Батыс Қазақстан облысы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
  4. Климатының континентті және құрғақ болуына қандай факторлар әсер етеді?
  5. Жауын шашын мөлшері?
  6. Шөлейт зонасында топырақтың қандай түрлері бар?
  7. Топырақ құрамында қара шіріндінің мөлшері қанша?
  8. Негізгі өзендері
  9. Жануарларына не жатады
  10. Өсімдіктері

Ғылыми қағ

Ү. Сабақты бекіту

Асоцация құру

VІ. Бағалау:

Мұғалім  қорытынды бағалайды.

ҮІІ. Кері байланыс

Оқушылар сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

«Шөлейт  зонасы» тақырыбын оқу, мәліметтер әкелу дайындау.