«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коучинг сессия

Коучинг сессияның сабақ жоспары «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коучинг сессия

ЖОСПАРЫ

№    Сабақтың тізбегі    Оқу үдерісін бағалау
1    Жалпы мақсаты    Коуч сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділгін үйрету.
2    Күтілетін нәтиже    Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы  оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу
3    Түйінді идеялар    Формативті бағалау, суммативті бағалау
4    Материалдар және ресурстар    компьютер, проектор,  оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар,   А4 және А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер

Сабақтың барысы
Коуч сессияны өткізу этаптары    Мерзімі    Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері
Сәлемдесу
5 мин
14 тілек. Аффирмация

Жаңа сабақ    3 мин    Сабақтың тақырыбын ашу, таныстыру
Шағын топқа бөлу    4 мин    Адамдардың 3 асыл қасиетін атап, сол бойынша 3  шағын топқа бөлу.
І топ:   «БІЛІКТІ»
ІІ топ:  «ТАЛАНТТЫ»
ІІІ топ: «ДАРЫНДЫ»
Топ ұстанымын құрғызып, коуч қатысушыларды жауапкершілікке  шақыру. Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін  құрып, таныстырып, тұстарына іледі.
Түйінді идеялар
Ой-пікірлер    10 мин    Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерінен пайдаланасыз?
Ой шақыру
Презентация
таныстырылымы    10 мин      Слайд «Өзін-өзі және өзара бағалау»,»Оқыту үшін бағалау» видеокөрініс. Жұпта, топта талқылау. Әр топтың спикері өз тобының көзқарасын қорғайды.
Сергіту сәті    3 мин    Бағаңды ал
Топтық жұмыс    15 мин    Бағалаудың түрлері. Топта мәтінмен жұмыс.

Рефлексия    10 мин

5 мин
Формативті бағалау «Екі жұлдыз , бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту Өзім үшін жазу:«Алған білімдеріңді қай жерде қалай қолданасың?»
Қорытындылау     5 мин    Коуч сессия қатысушыларға сабақ соңында «Мен бүгінгі сабақ жайлы не білдім?» смайлик арқылы өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері байланыс жаздыру.

Коучинг сессия сабағын жүргізуші
I (ілгері) деңгей мұғалімі:                             С.Халтаев.