Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Сабақтың тақырыбы : Теңдеулер, теңсіздіктер  және олардың жүйелері.

Сабақтың мақсаты:
1.Теориялық білімін практикада қолдана білу,және білім-білік дағдыларын   қалыптастыру.
2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылық жүмыс істеуге мүмкіндік жасау.
3.Шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, үйымшылдыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар, слайд.

Сабақтың жүрісі:
1.  Ұйымдастыру  кезеңі. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
( Алғырлар тобы және Тапқырлар тобы.)
Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы топ басшыларына тапсырылады.
2. Үй тапсырманы тексеру. «Біліктілік» -бөлімі. Сұрақтарға жауап бер —
деген,сыртында алатын ұпай жазылған ұяшық сұрақтарына әр топтан оқушылар жауап береді.

1.Теңсіздіктерді дәлелдеу дегеніміз не?     3 ұпай.
2.Екі айнымалысы бар сызықтық   теңдеулердің анықтамасы. Мысалдар.
3   ұпай.
3.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің анықтамасы.
Мысалдар.4 ұпай
4.Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің
анықтамасы.4ұпай
5.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің анықтамасы.
4 ұпай.
6.Екі  айнымалысы бар теңсіздіктердің анықтамасы.    3 ұпай.
7.Екі айнымалысы  бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешу
әдістері.  5 ұпай.
8. Алмастыру әдісінің орындау алгоритмі.   5 ұпай.
9. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің
анықтамасы.  5 ұпай.

«Тапқырлық»  бөлімі.  Екі топтың оқушылары ұпайы көрсетілген есептерді таңдап шығарады. (Топ басшылары қиындығы жоғары есептерді шығарады)

Алғырлар.

1 .Теңдеулер жүйесін  шешіңдер :

а) {  █(ײ+у²=74         @х-у= 2                 )┤                                                          3 ұпай

Б){█(х+у=4@x^2-4y=5      )┤                                                                       5         ұпай

В){█(у≤-2х²@у+5≥0)┤                                                                           10ұпай

2. Бір айнымалысы бар сызықтық  емес теңсіздіктер  жүйесін  шешіңдер :

{█(2x²-5x≥7@x≥3)┤                                                                                       5.

3.  {█((х+2)^2<(2х-3)^2-8(х-5)@х²-х-42≤0)┤                                  10  ұпай.

Тапқырлар.
1.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

а){█(х²+у²=20@х-у=6)┤                                                                       3 ұпай.
Б) {█(х²-3у=22@х+у=2)┤                                                                      5 ұпай.

В){█(у≤-2х²@у+5≥0)┤                                                                          10 ұпай.

2. Бір  айнымалысы бар сызықтық  емес теңсіздіктер  жүйесін шешіңдер:

{█(2х²+9х≤-7@х≤-2,5)┤                                                                            5.

3. {█((х+2)^2<(2х-3)^2-8(х-5)@х²-х-42≤0)┤                                    10 ұпай

III.Шығармашылық бөлімі: Оқушылар шығармашылық жүмыстарын қорғайды.

1.Арифметикалық, геометриялық, квадраттық, гармониялық орталардың ара қатынасын қолдану әдісі.
2.Жаңа айнымалы еңгізу әдісі.
3.Математикалық индукция тәсілін қолдану.

IV.Сабақтың қорытындысы.
V.Үйге тапсырма: Реферат дайындау. Тест тапсырмаларын құрастырү.

VI.Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ           мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп оқушыларды нақты бағалайды, жеңімпаз топты анықтайды.