Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін » өлеңі

Сабақ тақырыбы:      Мағжан Жұмабаев.  «Сүйемін » өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1.Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу

2. Өлеңнің мәні мен мазмұнын түсіндіре отырып, аналарын құрметтей білуге баулу,  туған жерге сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың міндеттері:
1.Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу.
2. Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп, ұғынуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Көрнекілігі:  М.Жұмабаев суреті. Тірек – сызбалар. Перфокарталық үлестірмелер. Интербелсенді тақта

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І тапсырма: Әр топқа ақын – жазушылардың шығармашылық өмір жолынан тапсырмалар.
1 – топ: Жамбыл шығармашылығы
2 – топ: Сәкен шығармашылығы
3 – топ: Ілияс шығармашылығы
ІІ тапсырма:
І топқа: 1.  Солтүстік Қазақстан; белді; беделді; Жұмабай
2.  3 жас; атасы Жұмабай
3.  4 жас; ерекшелігі
4. Ұлтжандылық өлеңдері қай кезде байқалды?
ІІ топқа:
1.    Мағжан Жұмабаев қай тілдерді меңгерген?

2. Мұхтар Әуезовтің М.Жұмабаев туралы айтқан қандай қанатты  сөзін білесіңдер?

3. Мағжан  —  (қандай?)  ақын

ІІІ топқа                                                     1. Мағжан Жұмабаев кім?

Ақын                         ?                       ?

өлеңдері      поэмалары
?                      ?

2. Мағжан – сыршыл ақын.                  Өлеңдерін оқығанда қандай әсер алдың?

ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгін, оқушылар Мағжанның «Сүйемін» өлеңін өтеміз.  Осы өлеңді тыңдап көрейік. Содан кейін, оқушылар тақтаға жазады.
«Сүйемін»

Деңгейлік тапсырмалар орындау:
1.    1 шумақ өлең құрылымына талдау жасау
2.    Мақал – мәтелдер айту: ата – ана; жар; туған жер тақырыбында
3.    Өлеңнен теңеу, эпитет табу
4.    Ой толға:   Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана
Жар – ердің тірегі
Туған елін сүйе алмаған, сүйе аларма туған жерін

ІҮ Бекіту:

Топтастыру жүйесі.
1. Бүгінгі тақырыбымыздағы «Сүйемін» өлеңі арқылы «Махаббат» деген ұлы ұғымды қалай түсінеміз?

Махаббат

2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге арнауымыз керек?

Ү. Үйге тапсырма: «Менің елім» тақырыбында ой толғау

ҮІ. Бағалау