Мәтінмен жұмыс. Қолғанат.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс.

Қолғанат. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың фонетика, лексика тараулары бойынша алған білімдерін
тексеру, шығармашылық ізденіске баулу..

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,
еңбексуйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, сөздікпен жүмыс, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: мазмүндамалар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: кіріспе, үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы: 1) ¥йымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен сәлемдесу. ә)Кезекші мәлімдемесі. б)Журнал бойынша түгелдеу. 2)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмүндама жүмысын жүргіземін.

Алдымен тақтаға бүгінгі күнді, мазмүндама тақырыбын жазамын да, мазмүндама
мәтінімен таныстырамын. Содан кейін 2 рет оқып шығып, оқушылардың өздеріне жоспар
түзуін тапсырамын.             Қолғанат.

Түстен кейін Ерланның атасы ауырып қалды. Ауа райы кілт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланнын әкесі мен мамасы жүмыста. Үй іші суи бастаған соң, пешке жағатын отын жару керек болды.

Ерлан қойма ішінен балта тауып алды. Қьісқа қырқылған ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Ағаш екіге бөлінді. Екіге бөлінген ағашты тағы да майдалады. Ол бірте-бірте отын жаруға әбден машықтанып алды.

Оң аяғы қақсап ауырған атасы жаюлы төсекке жата салған еді. Көзі ілініп кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, күн кешкіріп калған екен. Үйде Ерлан жоқ.

—  Ойнап жүр-ау, — деп ойлады атасы орнынан белін ұстай тұрып. Бір кезде сырттан
тарс-тұрс еткен дыбысты қүлағы шалды.

Атасы аяғын жай басып терезеден сыртқа көз тастады. «Жаным-ау, мынау Ерланның өзі ғой. Азаматым менің?»

—  Ата, — деді бір кезде Ерлан терезеден қарап түрған атасын байқап, — отын дайын.
Сөйтті де жарылған ағаштың біразын күшағына толтырып үйге кіргізді. Атасы пешке

от жакты. Әп-сәтте үй іші жылына бастады. Пеш үстіне қойылған сүт те пісті.

— Ата, сүт ішемін, — деді Ерлан. Бүл жолы ол сүтке нан турап, тәбеттене ішті. Қас
қарая әкесі мен мамасы үйге келді, Жылы үй олардың көңілдерін көтерді.

—Отынды Ерлан жарды. Қолғанат болды деген осы, — деп атасы Ерланның арқасынан қакты. Әкесі мен мамасы қуаныштарын жасыра алмай, күлімдеп тұр еді. (Н.Қадырбаев, 200) Сөздік: көзі іліну, машыцтану. Мазмұндау жоспары:

  1. Ерланның атасы ауырды.
  2. Отын жару.
  3. Жылы үй — көңілділік белгісі.
  4. Ерлан — қолғанат.

Сабақ соңында дәптерлерін жинап аламын. Сабақтың корытындысы.

а) Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: «Мейірім» атты тақырыпта шағын шығарма жазу.