Күншіл күшік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Күншіл күшік»
(Ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Ертегінің мағынасын ашу,
мазмұнын әңгімелеу, «Күншіл күшік» ертегісінің негізгі идеясын ашу; Құстар, аңдар туралы білімдерін кеңейту.
2. Тәрбиелілігі: Адалдыққа шыншылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Кейіпкерлерге мінездеме бере білуге, ертегіден түсінгенін айтуға үйрету. Тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, оқулық,
жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,
бір – біріне жылулық лебізін білдіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Бір қазан сүт» жаттау.
Сұрақ қою:
-Өлеңде айтылатын құстарды атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Жұмбақ жасыру:
1) Шелектеп құйсаң да, үстіне су жұқпас. (үйрек)
2) Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
-Балалар, үйрек, түлкі туралы қандай ертегілер білесіңдер?
Бүгінгі сабақта «Күншіл үйрек» ертегісімен танысамыз.
1. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
2. Сұрақтар қою:
-Ертегіде не туралы айтылған?
-Кейіпкерлерді атаңдаршы.
-Әр кейіпкерлерге мінездеме беріңдерші.

ІҮ. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Ү. Әліппе дәптермен жұмыс.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс:
Ертегідегі мақалдарды анықтау, табу.
«Біреуге ор қазба, өзің түсесің»

ҮІІ.Рөлдік ойын:
Ертегіні рөлге бөліп, сахналау.

ҮІІІ. Қорытынды:
— Балалар, «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген мақалдың мағынасы-біреуге жамандық ойлауға болмайтындығын, егер жамандық ойласаң, өзің сондай жағдайға ұрынасың,-дегенді білдіреді екен.

ІХ. Үйге тапсырма: ертегіде өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің суретін салып, бояп келу.

Х. Оқушыларды мадақтау.