«Қазақ тілі сабағындағы жұмыс түрлері». Ашық сабақ (Етістіктен өткенді қайталау).

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілі сабағындағы жұмыс түрлері». Ашық сабақ
(Етістіктен өткенді қайталау).
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың қазақ тілі сабағындағы жұмыс түрлерін және етістіктен алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, талдау формасын қалыптастыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, белсенді ойлау қабілеттерін жетілдіру.
в) тәрбиелік: өзін — өзі тани білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ.
Сабақтың әдістері: интербелсенді тақта, компьютермен жұмыс, терме диктант, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.
Оқушыларды хормен: Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз – еңбектену,
Еңбектену арқылы,
«5»-ке қолды жекізу.
Өнер де,ой да, білім де,
Өркендер ана тілін де,
Ананың тілін сүйгендер,
Сапалы білім үйренер.
Оқушыларды хормен: Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз ана тілін.
ә) Оқушыларды топтарға біріктіру: «Мозайка» әдісі.
Сіздер қолдарыңыздағы пазлдардан нені көрдіңіздер? Гүлдердің атауы қалай? Бүгінгі күнмен қалай байланысады?
б) Бағалау әдісі «Критериалды» (Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды).
II. Үй жұмысын тексеру. Сөзжұмбақтар, ребус, «Кітап-оқушының жақын досы» тақырыбында шағын шығарма жазу.
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Оқушылар бүгінгі сабағымызды «Білемін Білгім келеді Үйрендім» кестесімен бастаймыз.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
(бүгінгі сабаққа дейін қандай жұмыс түрлерін қолдандық?)
(қандай жұмыс түрлерін үйренгіміз келеді?) (бүгін қандай жұмыс түрлерімен таныстық?)
IV. Ой қозғау. «Желпуіш» әдісі. (теориялық сұрақтар).
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Етістік дегеніміз не?
3. Етістікке мысал келтіріңіз.
4. Болымды етістік дегеніміз не?
5. Болымсыз етістік қандай жұрнақтармен жасалады?
6. Болымсыз етістіктің — МЕ – жұрнағына екі мысал келтір.
7. Болымсыз етістіктің — МА – жұрнағына екі мысал келтір.
8. Етістіктің неше шағы бар.
(Оқушылар бірін – бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды).
V. Терме диктанты. (жұмбақтармен жұмыс).
Оқушылар, мен жұмбақтар оқимын, сіздер одан тек етістіктерді теріп жазып отырыңыздар.
1. Барсаң аппақ боласың,
Бармасаң сатпақ боласың. (монша-баня)
2. Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.(үтір-запятая)
3. Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды. (мысық-кошка)
4. Жер астына түседі,
Сап – сары боп піседі. (сәбіз-морковь)
5. Өзі кірді ашады, Суға салсам қашады.(сабын-мыло)
6. Аяғы жоқ жүреді, сылық – сылық күледі (су-вода)
7. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,Қонақтарды көңілдене сыйлайды.(дастархан-скатерт)
8. Тақтаны “досым” дейді,
Өзін сол “досы” жейді. (бор-мел)
Жауабы: барсаң, бармасаң, күтпейді, бітпейді, аумайды, аунайды, түседі, піседі, ашады, қашады, жүреді, күледі, жинайды,сыйлайды, дейді, жейді.
VI. Шығармашылық жұмыс «Суретті сөйлету» (суретке әңгіме құрау).
ҮІІ. «Сауаттылар жекпе жегі» (тақтамен жұмыс. 1 — жаттығу)
(Мұғалім сөйлемдер оқиды, екі топтан бір мезгілде екі оқушы шығып, бір сөйлемді жазады. Нәтижесі салыстырылады).
1. Біздің мұғаліміміз — өте шебер ұстаз.
2. Оның сабақтары өте көңілді өтеді.
3.Ол үнемі қызықты сөйлейді.
(Төртінші сөйлемнен бастап, ауызша талдау жасалады).
ҮІІІ. Сабақты бекіту. Тест сұрақтары.
І. Қазақ тілінен тест жұмысы
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 7
В) 2
С) 3
D) 9
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
3. — дар, — дер, — тар, — тер, — лар, — лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
С) Көптік.
Д) Тәуелдік
4. Етістіктің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Кім? Не?
В) Қанша? неше?
С) Не істеді? қайтты? не қылды?
D) Қандай? Қай?.
5. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А) Бес,жеті,он
В) Біреу,екеу,үшеу
С) бес-бестен,он-оннан
D) алтыншы,жетінші.
ІІ. Қазақ тілінен тест жұмысы
1.Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) Қайындар.
2. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) Айман.
С) Алпыс.
Д) Азат.
3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
4. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) Ұшып кетеді.
5. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С) Киіз үй.
D) Саман үй.
Тест кілті
І. ІІ.
1. Д 1.Д
2. А 2.В
3. С 3.С
4. С 4.Д
5. В 5.С
ІХ. Қорытынды бағалау.
Х. Рефлексия.
1. «ББҮ» кестесімен жұмыс.
Бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрлерімен жұмыс жасадық?
2. «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі.
ХІ. Үйге тапсырма: Ержелерді қайталау. «Көктем қандай тамаша!»шағын шығарма жазу