Ұлттық киімдерді бисермен кестелеу сабақ жоспары

9-сынып

Сабақтың тақырыбы:   Ұлттық киімдерді бисермен кестелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ұлттық киімін бисермен кестелеу жайлы түсініктерін қалыптастыру, түсіндіріп, тігілу әдістерін үйрету.

Дамытушылық: жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Тәрбиелік әсемдікті сезіне білуге еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, қазақтың киімін қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық .

Сабақтың көрнекілігі: қазақ халқының ұлттық қамзолы, бисер түрлері, қазақтың ұлттық Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, математика.

Күтілетін нәтиже: қамзолға бисермен кестелеуді меңгереді.

Сабақтың барысы.І.

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Журнал бойынша түгелдеу, формасын қарау
  3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  4. Сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты еске түсіру. «Алқа ойыны » арқылы сұраққа-жауап береді. 1. Бисер дегеніміз не? 2. Бисерді көп шығаратын ел? 3. Бисер қандай заттан жасалады? 4. Бисердің түрлері. 5. Бисерден не жасауға болады? 6. Бисердің отаны. 7. Бисермен жұмыс жасағанда жарық қай жақтан түсу керек? 8. Бисермен жұмыс жасағанда қанша сағат сайын үзіліс жасап отыру керек?

ІІІ. Жаңа сабақ.«Кім жылдам?» Мына сандарды ретімен қойғанда қандай сөйлем шығады.

Қамзолды бисермен кестелеу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұлттық киімдерді бисермен кестелеу Ұлттық киім түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия). Қазақтың ұлттық киімдері, қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге келе жатқан бай қазына. Ерте заманнан өзінің қадір қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ыңғайлығымен де әлі күнге дейін халық арасында кеңінен қолданып келеді. Тойтомалақ, келін түсіру, наурыз мерекесі, театр сахналарында, тіпті ауылдын үлен кісілері әлі де күнделікті тұрмыста киіп жүреді. Қамзол – жеңсіз, жеңіл ұлттық киім. Ол бір түсті едәуір қалың матадан, мақпалдан, барқыттан, жібектен тігіледі. Халқымызда қамзол ҮІІ ғасырда пайда болып, ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. кең тараған киім. Қамзолда жең де, жаға да болмайды. Қамзол әрі жеңіл, әрі жылы, жұмыс істегенге ыңғайлы. Қыз келіншектерге арналған қамзолдың екі өңірі кестеленіп, ою-өрнектер салынады. Халқымыз қыздардың киіміне ерекше көңіл бөлген. Тұрмысқа шықпаған қыздар жібектен, мақта матадан көйлек тігіп киген. Мақпалдан қамзол тігіп етегін алтын немесе күміспен зерлеген немесе паршамен шеттіктер, майда моншақтармен безеген.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.

Кестелеп тігудің түрлері. «Жалғыз мойыншақты бекіту » «Инені алға », «Инені артқа » — осы тігістерді тігіп үйренеміз

1.Жалғыз мойыншақты бекіту

2.«Ине алға » тігісі

3.«Инені артқа » тігісі

 

 

Ү. Сергіту сәті. Ұлттық киімдерге байланысты қандай ырымдармен салт дәстүрді білесіңдер?

(Оқушылардың өз ойларын ортаға салуы)

1) Әр қазақ әйелі, қыз бала ер адамды қадір тұтқан. Ер адамның жолын кеспеген, үлкендердің сөзін бөлмеген.

2) Қыз бала қара орамал тартпаған.

3) Ер адам әйел жаулығын басына салмаған.

4) Баскиімді аяқ асты етуге болмайды, бақ таяды, әркез баскиім ілулі тұруы керек.

5) Киімнің жағасын баспайды, тозбаған киімді тастаған жаман ырым.

ҮІ. Сарамандық жұмыс. Қамзолды бисермен кестелеу.  Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.
Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері

Мақсаты: «Инені алға » тігісін қолдана қамзолды бисермен кестелеу

Қорытынды: олардың қамзолға бисермен кестелеп тігу жұмыстарын қадағалау, жақсы тіккен жұмыстарды жариялау, көрсету, мадақтау.

VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Қамзол ойыны арқылы.

  1. Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
  2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

3.Сарамандық жұмысымызда қандай тігісті қолдандық?

  1. Қамзолдың бетіне неге бисермен тіктіңдер?
  2. Қамзол қандай матадан тігіледі?

ІХ. Қорытынды. Оқушылардың жұмыстары мен жауаптарын бағалау,

жариялау, журналға күнделікке баға қою.

  1. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу