Көздің нашар көру  себептері

Нашар көру көптеген себептерге байланысты. Көздің көру қабілетінің бұзылып, бұрмалануы алыстан көрмеушілік (сығыр), қырағылық — жақыннан көрмеу (гиперопия) немесе  ассигматизм  де байқалады. Көз бұршағының лайлануы (шел), көз бұршығының атқарымының дұрыс болмауы (пресбиопия) немесе көз торының өзгерісі көруді нашарлатады.

Алыстан көрмеушілік (сығыр) .                         

Алыстан көрмеушілікте көз өте үлкен ұзындықта болады, ол көздің сындырушы қабілетіне қатысты. Сөйтіп көзге түсетін сәуле жарығының бір нүктеге жиналуы, көз торының барынша көп айқын нүктесінің (макула) алдында орналасады. Нәтижесінде көз торында күңгірт суреттеме қалыптасады. Алыстан көрмеушілікпен ауыратын адамдар жағын жердегі орналасқан нысандарды жақсы көреді де, ал нысан алыстаған сайын бұлыңғырланады, далияды.

Алыстан көргіштік (гиперопия)

Алыста көргіштікте көз ұзындығы өте кішкентай болады, ол көздің жарықты сындыру қабілетіне қатысты. Сөйтіп көзге түсетін сәуле жарығының бір нүктеге жиналуы көз торының барынша көп айқын нүктесінің артында орналасады. Сондықтан алыстан көргіш адамдар, жақын орналасқан нысандарды анық, айқын көре алмайды.

Асстигматизм (торикалық)

Асстигматизм жағдайында байқалатын нәрсе: егер қасаң қабық түрі дұрыс емес күмбез сияқты болса, яғни бір осьтің бойында керіліп, келесісінде қысылып қалады. Нәтижесінде тор көзде бұрмаланған суреттеме қалыптасады.

Пресбиопия

Пресбиопия көз бұршағының атқарымының дұрыс болмауымен байланысты, ол көбінесе 45 жастан асқан адамдарда байқалады.

Дені сау, жас адамның көзі көз бұршағының иіліктіруінің арқасында сындырушы қабілетін өзгерте алады. Бірақ уақыт өткен сайын көз бұршағында табиғи өзгерістер болып, оның иілгіштігі және иіліктіруі азаяды. Тіпті, көз жанары жақсы көретін адамдар, 45 жастан асқан соң, жақын жердегі нысандарды көруде «бір нүктеге жиналуда» қиындықтарға жолығады.

Шел басу

Шел басу — көз бұршағының табиғи жас ерекшелікке байланысты лайлануы. Көз мөлдірлігі азайған сайын көзге түсетін жарық саулесі көз торына кедергісіз жете алмайды, нәтижесінде көру айқын болмайды. Көрудің нашарланғанының белгілері біліне салып, тез арада көз дәрігеріне қаралу керек. Ол қысқа тексеру барысында, көру қабілетінің төмендеу себебін дәл анықтайды.

Көз дефектісінің пайда болу себептері-көз жүйесінің фокальді жазықтығынан көз торының қашық орналасуынан болатынын, бұдан жарық сәулелері көзге алыстан тарамдалып түсетіні түсіндіріледі. Жақыннан көре алмау кемістігі адам нашар жарықталған бөлмеде жұмыс істеуінен, кітапты немесе басқа заттарды көзге жақын ұстаудан, жатып оқудан пайда болады. Сондықтан жұмыс режимін сақтау, дұрыс көру үшін ойыс көзілдірік пайдалану керек. Көз дефектісінің екінші түрі жақыннан көрмейтіндігі. Оған дөңес линзалы көзілдірік тағу керек.