Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы және біріккен сөздер жайлы толық түрде
мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.

б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.                                                                                                                                   і_;

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.
                                                     [_,’

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: кіріспе, үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту,                                                     ■ ,

қорытындылау.                                                                                                                                                     І_!

Сабақтың барысы:
1) Үйымдастыру кезеңі.                                                                                                                                    і


а)Оқушылармен сәлемдесу. ә)Кезекші мәлімдемесі. б)Журнал бойынша түгелдеу. 2) Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтар бойынша сұрақ-тапсырмалар. «Ой қозғау» стратегиясы

  1. Біз бір-бірімізбен не аркылы қатынас жасаймыз?
  2. Тілдің негізгі байлыгы не?
  3. Создер қалай жасалады?
  4. Сөзге косымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші—аяқкиім—
    етік тігетін адам.
  5. Бүл сөз жасаудың кандай түрі? (Туынды сөз)
  6. Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)
  7. Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
    Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші — еңбекақы
    Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу.

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, түтас бір үғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоцсан де-ген сөздер екі сөзден күралып (бел және бау, баспа жөне сөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бо-йынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоцс және он-ан), бір үгымның ғана атауы болып түр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде қүрамына енген түбірлердің түлгалары сакталып отыра-ды. Мысалы: түйецус (түйе+құс), бузаубас (бүзау+бас), царацүрт (кара+күрт), басмацала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде күрамына енген түбірлердің түлғалары сакталмай, кейбір дыбыстыц өзгерістерге үшырайды. Мыса-лы: биыл (бүл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган^ екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (туражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бүлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1)  аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: цосаяц, тас-баца, егеуцүйрыц, жолбарыс, көщутан,
текесацал, ала-бота, ащу, царацүрт, итмурын, саңырауцүлац, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіцарацшы, Темірцазыц, Ацбозат,
Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеапга, Алакөл, т. б.;

  • кісі аттары:   Орынбасар,   Сейілбек,   Мухаметжан,   Ерасыл,   Аманжол,   Есенәлі,
    Бейсенбай, т. б.;
  • дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асцазан, тоцішек, үлтабар, мойыномыртца,
    сегізкөз, тазцарын, т. б.;

5)   ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, цылтамац, қарасан, т. б.;

  • ойын атаулары: алтыбацан, ацсүйек, балтамтап, доптаяц, орынсатпац, т. б.;
  • ән, күй, өлең аттары: Сарыжаплау, Сарыарца, Қароторгай, Кісенашцан,, т. б.;

8)   қоғамдық өмірге,  күнделікті түрмыска байланыс-ты әр түрлі  атаулар:  баспасәз,
цолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ацсацал, т. б.;

9) мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, цыстыгүні, жазгытүрым, күздігцні, т. б.;

10)   белгісіздік, болымсыздык мәндегі атаулар: вшкім,  ештпеңе,  цайсыбіреу,  әлдекім,
әрщйсысы, ешцашан, кейбір, әрбіреу, әлдецашан, т. б.

III. «Топтастыру» стратегиясы.

А) Окушыларға өздері білетін біріккен сөздерін жаздыру. Мысалы: жалборыс,Ацшұцыр, Гулдана, асцазан, алтыбацан, ацсацал, бірнеше, куздігуні, т.б.

Ә) Жазған біріккен сөздердің мағынасын айтқызу және атаулары-ның бірыңғайлығына карай топтастыру.


Оны сызба түрінде көрсету
Аң, қүс, жәндік, өсімдік                                   Ойын атаулары

Қоғамдық өмір,                                                  Дене мүшелері

түрмыс атаулары

Б.с
Географиялық атаулар                                     Мезгілге байланысты

Белгісіздік, болымсыздық                                           Кісі аттары

мәндегі атаулар.

Сабақта ауызша түрлеріне жататын атаулар айтылады да, сызбаны толтыру үйге тапсырылады.

Б) Қазақ тілінде біріккен сөздің 2түрі бар:

Біріккен сөздер
Біріккен сөздер                                                                         Кіріккен сөздер

Тұлғалары сақталады         Тұлғалары дыбыстық                       Биыл — бүл жыл

өзгерістерге үшырайды                    Сексен- сегіз он

Тоқсан — тоғыз он
Білезік — білек жүзік
Ілгерінді         кейінді                          Қайны — кайын іні

Күндіз — күннің жүзі

ыкпал                                       Ендігәрі — ендігіден өрі

  1. IV. Венн диаграммасы бойынша оқушының біріккен және кіріккен сөздерді салыстыруы.

 

Б.сЕкеуі деК.с
ТүбірбірігіпТүбір түлғалары
тұлғаларыжазылады.сақталмай дыбыстық
сақталады өзгерістерге түседі.
  1. V. Білімдерін бекіту үшін сүрақтар мен тапсырмалар ойын түрінде беріледі.

Тақтада «Біріккен сөз» деп аталатын тақтың суреті. Оқушылар топқа бөлініп, таққа отыру үшін тапсырмалар орындайды. Дұрыс әрі бірінші орындаған топ сол таққа ие болып, «Біріккен сөз» елінің патшасы мен уәзірлері болады. Такқа ие болу үшін жолдағы кедергілерден, өтуі керек.

1) өзен,     2) тау,     3) көл,       4) кұз, жартас,

5) терең ор,       6) ну орман,       7) қыл көпірден өту керек.

Кедергілер суреттермен берілген. Суреттің артында тапсырма-сүрақтар бар. Кедергілерден өткен топ жеңімпаз атанады.

Сұрақ тапсырмалары 1 — топ     2- топ

1-тапсырма. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы біріккен жер-су атауларын жаз. Тақтаға 1 минут ішінде неше сөз жазғанына қарай бағалау. (Жетісай, Шолаққорған, Сарыағаш, Кентау, Шымкент, Арнасай, Қасақасу, ақсу, т.б.)

2-тапсырма. Жүмбақтардың шешуі біріккен сөз, шешуі болған сөзді сатылай комплексті талдау.

Тарбаң-тарбаң тарбиған,             Сап-сары көйлегі,

Түрі жаман жарбиған.                  Қап-қара түймелі.

(тасбақа)                     Көрсетер сүйгенін

Басының игені.   (Күнбағыс)

3-тапсырма.Біріккен сөздердің сыңарларын тауып айт.

  1. Боз… Кемпір…
  2. Ал… Ақ….


  1. Өнер.. З.Шаң…

4- тапсырма. Қүс аттары болатын            Аң, жәндік атаулары

біріккен сөздерді ата.               біріккен сөздерді ата.

5-тапсырма. Төмендегі мақалдардың мағынасын түсіндір, біріккен сөзді тап, сөздегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.

Аққу көлін аңсайды,                          ¥лдың үйкүшік болғаны жараспайды,

Ер жігіт елін аңсайды.                     Қыздың кьщырмашы болғаны жараспайды.

6-тапсырма. «Сенің атың кім?». Әр окушы өз тобындағы біріккен сөз болатын оқушы аттарын 1 минут ішінде айтуы керек.

7-тапсырма. «Музыкалық әліппе». Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Соның ішінде қандай біріккен сөздер бар? (Шаңқобыз, сазсырнай, қылқобыз, шындауыл, месқобыз, домбыра, жетіген, шертер, сыбызғы, дабыл, түяқтас.)

  1. VI. Кітаппен жумыс.

А) Біріккен сөздің ережесі, жасалу жолдары

Ә) 78- жаттығуды ауызша түрде орындау. Жаттығу шарты мынадай: Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккен көрсетіңдер. Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар.

Келесі тапсырма- 79- жаттығуды орындау. Жаттығу шарты мынадай: Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске үшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көрсетіп көшіріп жазыңдар.

Біріккен сөздер                                                   Кіріккен сөздер

Көкшетау. Алтыбакан. Қосаяк,                   Жаздыгүні. Қазанғап. Әнеугүні.

Айнамкөз. Желмая. Тайбурыл.                        Белбеу. Өмірзак. Бегәлі. Есенгелді.

Кемпірқосақ. Екібастүз.                                Нүргелді. Нүрғожа. Нүрғиса. Қартбай,

Әбілкайыр.    Есенгүл, Қарагөз,                      Айғыз.

Қаламқас, Әбдіқадыр. VII. Сауаттылығын тексеруге арналған сөйлемдер.

  1. Бесатар белдескенде де керек, алыстан жаумен тілдескенде де керек.
  2. Жақсылықты көп куған, Бақ-дәулетке молығар.
  3. Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бір ерте, біреуі жай. (Абай)
  4. Жаздыгүні шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек Үзарып өсіп толғанда. (Абай)

VIII. Сабақтың қорытындысы.

а) Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай б білімін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: 80-жаттығу жүмысының шарты төмендегідей: Берілген сөздерді
қатыстырып сөйлем қүрап айтыңдар. Дыбыстық өзгеріске үшыраған түбірлерге назар
аударыңдар.