Көздеріңіздің сіз туралы айналыңыздағыларға не айта алатындығын бір сәт ойлап көрдіңіз бе?

Көзіңіздің түсі сіздің мінезіңіз, ішкі энергетикаңыз туралы ақпаратты бере алады. Бұл фактіге астрологтарымыз да бірауыздан қосылып отыр.

Алдымен, тарих қойнауына сүңгіп, табиғаттың не себептен алуан түсті көздерді тарту еткендігін зерделеп көрелік. Асылында Жер планетасының ең алғашқы, ең негізгі тұрғындары қой көзді болған екен. Мұны археологиялық зерттеулер айтып отыр. Жердің кометаға соқтығысып, орбитасын өзгертуі аталған өзгерістерге себеп болған. Және де дәл осы уақыттағы мұз дәуірінің басталуы адамзаттың тіршігіліне үлкен қауіп төндірді. Тіпті адамның жер бетінен мүлде жойылып кетуі де мүмкін еді.

Алайда табиғаттың өзі бізге көмекке келіп, түрлі мутациялар арқылы адамды күшейте түсті. Қоршаған ортада қоңыр көзділерге қарағанда әлдеқайда бейімді, күш-жігері мен қайраты басым адамдар түрі қалыптаса бастады. Олар тың іс бастауға жылдам, басқаларды ілгері бастап жүре алатын, замандастарының тағдырына ықпал етіп, жауапкершіліктен қашпайтын жаңа адамдар еді. Бұл адамдар мұз бен қар, ызғар мен боран түстерін сіңіргендей айналасына сұр, көгілдір, көк реңді көздерін тікті. Шегірлердің бойындағы тасып тұрған қуат қой көзділердің енжарлығын теңгергендей болып, адамзаттың жойылып кетпеуіне, тіпті өсіп-өнуіне себепкер болды.

Мұз дәуірі аяқталып, күн жылыған соң көзге сұр, көк, көгілдір рең беріп тұрған рецессивті геннің адамға қажеттігі шамалы болып қалды. Сондықтан соңғы бірнеше жүз жылда біртіндеп көздерімізге қара мен қоңыр түс беріп тұрған доминантты (басым) ген қайтадан күшіне еніп, қаракөздер үлесі артып келеді. Осы жаңа адамдар мен қоңыр көзділердің некесіне өмірге көздерінің түсі алуан түрлі ұрпақ келіп, тарай бастады.