Біріккен сөздердің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің емлесі. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға біріккен сөздер, оның түрлері, біріккен сөздердің
емлесі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымы-мен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Біріккен сөздердің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

  1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақүс,
    әлденеше, Ақтөбе, т.б.
  2. Біріккен сөздердің әрбір тулғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады.
    Мысалы: ендігәрі ( ендігіден әрі емес), сөйтіп ( солай етіп емес) бүгін (бүл күн емес), т.б.
  3. Еш, Бір, кей, әлде деген сөдер есімдіктермен (мысалы: еш сөзі кім, бір, қандай,
    қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңғай, келкі, жола, жолата, қыдыру
    сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, кайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу
    сөздерімен) бірігіп жазылады. Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде
    жүмсалғанда, бул сөздер олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір
    мектепте, т.б.

Қосымша түсінік:

Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі біріккен сөздер табиғаты жағынан қазіргі қазақ тіліне өте жақын. Ескерткіште бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана үғымды білдіретін біріккен сөздер бар: Тоңүқүқ (Тоныкөк), Ілтеріс (Елтеріс), егрітебі (кілем), йоқару (жоғары), күнтүз (күндіз), т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 83-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем қүрап жазыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 84-жаттығу жүмысының шарты: Сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгідегідей дефиспен бөліп көрсетіңдер.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын:85-жаттығу жұмысының шарты. Мәтінді оқып шығып, күрделі сөздерді табыңдар. Олар күрделі сөздің қай түрі екенін айтыңдар.

Келесі тапсырма: 86-жаттығу жүмысының шарты төмендегідей: Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар. Мәтіннен біріккен сөздерді ғана теріп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 87-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін: Үйде
    өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттерді пайдаланып, күрделі сөздердің әрқайсысына бес-
    бестен мысал тауып жазыңдар. Сыныпта оларға мағыналық талдау жасаңдар.