Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға күрделі сөздер, оның түрлері, жасалу жолдары
жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру, өткен тақырыптарды
қайталау.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сурау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылар «Сөзжасам» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеремін.

Алдымен оларға пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын.

  1. Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?
  2. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
  3. Күрделі сөздердің ерекшеліктері қандай?
  4. Біріккен сөздер деген не?
  5. Кіріккен сөздер деген не?
  6. Біріккен сөздерге жататын қандай күрделі атауларды білесіңдер?
  7. Біріккен сөздердің емлесі қандай?
  8. қос сөздің қандай түрлері бар?
  9. Қайталама қос сөздердің жасалу жолы қандай?

 

  1. Қосарлама қос сөздердің қүрамы қандай болады?
  2. Қос сөздің емлесін айтыңдар.
  3. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңдер.
  4. Тіркесті сөздердің емлесін айтыңдар.

Міне, осылайша жаңа сабақта оқушыларға пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатып болған соң жаттығу жү_-мыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 110-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз қүрамына талдап, мағынасын түсіндіріңдер.


Келесі тапсырма: 111 -жаттығу жұмысының шарты: Төмендегі қысқарған сөздердің толық мәнін біліп, есте сақтаңдар және қысқарған түріне қосымша жалғап, сөйлем құраңдар.

Келесі тапсырма: 112-жаттығу жүмысының шарты: Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтып беріңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою аркылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 113-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін: Суретте
    берілген алма мен итмүрын жемістерінің адамға кандай пайдасы бар екенін тиісті
    әдебиеттерді пайдалана отырып анықтаңдар. Алған мәліметтеріңді кірістіріп мәтін құраңдар.
    Қолданған күрделі сөздеріңнің түрін ажыратыңдар.