Сөздерді топтастыру. Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді топтастыру. Зат есім. 

Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға сөздерді топтастыру, зат есім жайлы толық мәлімет

бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.                                                                                          і

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.                   _

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі. _
    З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сәдрау.

«Қайталау — оқу анасы»,

Мақалдың бір данасы. Өткенді еске түсірсең, Ешкмнің жок таласы.

Бүгін біздің сабағымызда халқымыздың үлы ақыны Абай Қүнанбайұлы қонақта. Біздің тобымыздың аттары ұлы акынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіңдегі бес асыл іске қатысты екені бұрыннан белгілі. Сондықтан сыныпты мен топқа бөліп жарыс түрінде өтемін.

Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырды.

  1. «Талап» тобы 2. «Еңбек» тобы

Талабың болса тайсалма,         Еңбек етсең ерінбей,
Өзінді өзің байқа да,                 Еңбегің қалмас көрінбей.

Талаптансаң жеңесің              Зор табысқа кенелтер

Қиындықты қашанда.            Құлшына еткен еңбек қой.

  1. «Терең ой» тобы 4. «Қанағат» тобы
    Терең ой сенің қанатың, Қанағат — асыл қасиет,
    От болып ылғи жанатын.       Адал жүректі ақниет.
    Білімділік гіен іскерлік,         Қанағатшыл бол әр қашан,
    Сені іздеп те табатын,      Пайдасы тиер сан рет.

5.»Рақым» тобы

Рақым — сенің үятың,

Бетіндегі асыл ұятың.

Рақымды болса әр адам

Жанында ылғи болатын.

Үй тапсырмасына қатысты жүмыстар төмендегідей болады. Топ басшысы өз тобындағы бір оқушысына тестік тапсырманы орындауды тапсырады. Тестік тапсырмалар өр топқа бір-бірден берілді.

«Талап» тобына. Ашық буынды сөзддерді табыңдар. а. Орман ә. Мектеп      б. Алша       в. Дөптер      г. жаңбыр

«Еңбек» тобына қос сөзді табыңдар. а. Бесжылдық       ә. Әп-өдемі      б. Қара көк      в. Қос қүдық        г. Әдемілеу

«Терең ой» тобына біріккен сөзді табыңдар. а. Механикалық ә. Итмүрын б. Шаруашылық в. Ұзынды-қысқалы г. Демсуші

«Қанағат» тобына. Тіркес сөзді табыңыз. ;І. Қой бағу      ә. Қой мойын   б.Күй аты в. Ойынды қой    г. Бялалар келеді

«Рақым» тобына қысқарған сөзді табыңдар. а. Қолғанат      ә. Медколледж       б. Медетбек в. Қорықтық      г. Сапарлас.

Фонетикалық таддау жүмысы. Бүл тапсырма топтың басқа бір мүшесіне орындауға беріледі. Әр топқа бір-бірден төмендегі сөздер:

1) оқушылар    2) сыныпта    3) көгершін    4) жапырақ    5) достары.

Әр топтан тапсырма алған оқушы төмендегі математикалық теңдеу бойынша орындайды. Берілгені: Оқушылар

д

Шешуі: 0 = — 8 = 4(0,у,ы,а) / 4(қ,ш,л,р)

п

Әр  топтан  жауап  берген  оқушылардың  жауабы  топ  жетекшілеріндегі  бағалау  жауап

парағына түсіріледі.

Жауап парағының үлгісі

Реті  Жауап берген                             Әр жауаптың бағасы


Оқушынын    аты________________ «5»        «4»       «3»       «2»

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

4.____________________________________________________

5,____________________________________________________

Үй тапсырмасын жоғарыдағы жүмыс бойынша топ жетекшілері арқылы қорытып шығамын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздерді топтастыру. Зат есім» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасыны, қойылатын сүрағына, сөйлемде
атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз
табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау,
одағай.                                 Зат есім.

Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сүраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?) тау (не?), ауыл (не?), т.б.

Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы, кісі, адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Сүлтан Бейбарыс, Нүрсүлтан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, үйым, мекеме,т.б. жеке аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма аттары, мал, қүс, хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарьш орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 118-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

Келесі тапсырма: өзіндік жүмыс. Жер, су, географиялық атауларды қатыстырып он сөйлем қүрап жазыңдар.

Келесі тапсырма: өзіндік жүмыс. Газет, журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттарын қатыстырып он сөйлем қүрап жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жүмыс. Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып
    «Мақтааралым—мақтанышым» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.