Сын есім туралы түсінік. Сын есімнің шырайлары

Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік. Сын есімнің шырайлары. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру;

ә) дамытушылық : түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылар-дың ойлау кабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық касиетгерін дамыту.

б)  тәрбиелік: Абай өлеңдерін, әндерін жатқа айткызып, талдау барысында әдемілікті,
әсемдікті түсінуге, туған табиғатқа камқорлық жасауға тәрбиелеу, әстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың көрнекіліктері: Абайдың табиғат лирикаларынан буклет, әндері, аудармалары, плакат.

Сабақтың барысы:

Үйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыптар бойынша сүрақтар коямын.

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  2. Зат есім деген не? Мысал.
  3. Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз не?
  4. Деректі және дерексіз зат есімдер деген не?
  5. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

Үйге берілген жаттығуды тексеріп болғаннан кейін, өткен сабақты қорытындылау ретінде I, II нұсқалы перфокарталар таратылады. Уақыты — 2 минут. Оқушылар орындап болғаннан кейін жүптарымен жұмыстарын алмастырып тексереді. Өздері бағалайды.

  • Оқате-«5»
  • 1-2қате-«4»
  • 3 қате-«3»

I нусқа

Зат есім жалпы жалқы деректі дерексіз негізгі туынды күрделі
Қойшы Көкшетау Сезім Айтыс балдырған              

II нусқа

Зат есім жалпы жалқы деректі дерексіз негізгі туынды күрделі
Жомарт Ой Қостанай Білім

Мөлдір бүлақ

             

П.Оқушылардың назарын кодоскопқа аудартамын. Кадоскопта төмендегідей схема беріледі. Заттың сындық қасиеттері

  1. Түрін, түсін: ақ (қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).
  2. Көлемдік, аумақтық, салмақтьщ белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп).
  3. Сапалық белгісін, сипатын: жақсы (сөз), сараң (адам), жалқау (кісі).
  4. Дәмін, иісін және басқа сипаттарын: ащы (пияз), тәтті (тағам).


  1. Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты: балалы (үй), қысқы (демалыс), білімді (жігіт).

Сүрактары: қандай, қай?

Осы схема бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді. Мысалдармен дәлелдейді. Осыдан кейін үнтаспаны косып берілген өлеңнің үзіндісін тыңдатамын.»

Теке мурын, салпы ерін, ұзын тістпі, Кабыргалы, жоталы, болса күшті. Мойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаган бүркіттей салцы төсті. Кімнің өлеңі? Бүл өлең не туралы?

Түсініксіз сөздермен жүмыс жасаймыз. Кадоскопты қосып, оқушыларға осы өлеңнен сын есімдерді дәптерлеріне теріп жаздыртамын. III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның қүрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сүрағына, атқарылатын қызметіне карай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, қүбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, қүбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді.

Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:

1) затгың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сүр (бүлт), қызыл (алма) т.б.

2)  заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), үзын (ағаш);

  • заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала),
    зерек (окушы), ақылды (адам);
  • затгың дәміне, иісіне сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (күрт), тәтгі
    (тағам), жүмсак, (нан);
  • затқа, кимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі
    (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т.б.

Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарыц ай. Мүнда желсіз, жарьщ сөздері түн жөне ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сүраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.

Заттың сынын, сипатын, сапасын,түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? Кай? деген сүрақтарга жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

(Оқушылардан жекелей кайталатып сүраймын).

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Тағы қандай жыл мезгілдері бар?
  • Жыддың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың, қандай ақынын білесіңдер?
  • Дұрыс айтасыңдар. Абай — қазақтың үлы ақыны. (Плакатқа жазылған «Абай — акын»
    тақырыбын іліп коямын). (Буклет пайдаланамын).
  • Кім Абайдың»Күз» туралы өлеңінен жатқа үзінді айтып бере алады? Оқушыға өленді
    жатқа айтқызып, сын есімдерді тапқызып,

тақтаға жазғызамын.

Сүр бүлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл түман жерді баскан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. «Қыс» өлеңінен үзіндіні жатқа айтқызып, сын есімге талдату.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды. «Көктем» туралы үзінді айтқызып, сын есімге талдату.

Ай, жүлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп,

Азалы ақ көрпесін сілке тастап

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.


«Жаз» туралы үзіндіні айтқызып, сын есімге талдату.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Үзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Міне осылайша Абайдың әр өлеңін оқытып, соның ішінен сын есімдерді табу арқылы бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтаймын да, жаттығу жұмыстарын жүргізуге кірісемін.

127- жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.

Келесі тапсырма: 128-жаттығу жүмысының шарты мынадай: Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Салқын, терең, әдемі, жеңіл, үзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.

Келесі тапсырма: 129-жаттығу жүмысы.. Бүл жаттығу жүмысының шарты төмендегідей: Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.

Келесі орындалатын тапсырма: 130-жаттығу жүмысының шарты мынадай: Мәтінді оқып сын есімдерді табыңдар да, сүрак қою арқылы қай сөзбен тіркесіп түрғанын анықта.

Сабақтың қорытындысы:

Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 131-жаттығу жүмысы. Бүл жаттығу жүмысының шартымынадай: Өлеңді мәнерлеп оқып, Күрамындағы сын есімдерді тіркескен сөзімен қоса теріп жазыңдар.