Сын есімнің жасалуы

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере
отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын с^рау.


  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сын есімнің жасалуы» такырыбы жайлы түсіндіремін.

Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жүмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейд!. Мысалы; цара, көк, биік, таза, жацсы, сары, терең, т. б. Бүл сияқты сөздер — әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.

Басқа сөз табынан жүрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел),кеш-кі, (ауа.),өнер-лі (жігіт), аудан-дыц (әкімшілік), азамат-тъщ (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат), т. б. Түлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жү_рнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер дегеніміз — жүрнақтар арқылы жасалған сын есімдер. Туынды сын есімдер жүрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады. Мысалы : цыс-цы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам), т. б. сын есімдердің түбірі зат есімдер болса, тол-ъщ (адам), көтер-іцкі (көңіл), ауыс-палы (егіс), үсте-ме (ақы), т. б. сын есімдердің түбірі — етістіктер. Сондықтан да сын есім жасайтын журнактар ек! топка белшедк есім сөзден сын есім тудыратын жү_рнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жүрнақтар. Сын есімдер, сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіцлі, биік-биік, жацсы-жаман, балалы- шагалы және шұбар ала, ңара көк, ац сацалды, жирен цасца, т. б. Бұлар қүрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Ал бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды түбірден) түратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.

Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жүрнақтар мыналар:

  • -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т. б.
  • -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, атш-сыз, т. б.;

3) -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-гы, іш-кі, сырт-қы, соң-гы, күз-гі, түн-гі, т. б.;

  • -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тъщ, жыл-дьщ, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік,т.6.;
  • -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т. б.;
  • -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т. б.;

7)  -дай, -дей, -тай, -тей: үй-деп, цой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей, т. б.;

  • -кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): та-быс-кер, найза-гер, әуес-цой, бәле-ңор,
    жем-цор, шай-цор, өнер-паз, жең-імпаз, т. б.;
  • -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, цазақ-ы, түрк-і, цалмац-ы, алтай-ы, т. б.
    Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жүрнақтар мыналар:

 

  • -ғак, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: үрыс-цац, тай-гац, ур(і)к-ек, цор(ы)ц-ац, бөл-ек, т. б;
  • -ық, -ік, -қ, -к: тол-ыц, сын-ъщ, аш-ьщ, ацса-ц, сире-к, біт-ік, т. б.
  • -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-гыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-гыш, т. б.;
  • -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, үш-цыр, ал-гыр, тап-кыр, біл-гір, т. б.;
  • -шақ, -шек: үрын-шац, жасқан-шаң, сүрін-шек, ңызган-шақ, мацтан-шац, т. б.;
  • -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңцы, көтер-іңкі, шаш-ыңцы, салбыра-ңцы, т. б.;
  • -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, цүра-нды, түй-інді, т. б.;
  • -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т. б.;
  • -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ъшды, келіс-імді, т. б.;

 

  • -аған, -еген: цаш-аган, сүз-еген, теб(п)-еген, цаб(п)-аган, т. б.;
  • -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;
  • -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: цыз-ба, бүра-ма, ес-пе, боя-ма, т. б.

Еск ерту.

  1. Көрсетілген жү-рнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, лік, -дық, -дік, -тық, -тік жүрнағы зат есім де жасайды: жацсы-лъщ, жаман-дыц, дос-тьщ, күнде-лік, орын-дьщ, т. б.; -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ацы-сыз берді, ат-сыз келді, ңыс-тай дайын-дшды, тоты-дай сайрады, көйлек-

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты корытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 145-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Тірек
    сөздерді пайдаланып, өздеріңе таныс бір адамға мінездеме жазыңдар.

Тексердім