«ҮЗДІК СТУДЕНТ »

«ҮЗДІК СТУДЕНТ »

Болашақ-білімді жастардікі. Білімді, тәрбиелі ұрпақ қана елінің мақтанышы, сүйеніші бола алады. Осындай білімді жастардың бірі Абдрахман Арман. Ол колледж табалдырығын енді аттаса да, өзінің белсенділігімен, ізденімпаздығымен білімгерлер арасында ерекше көзге түсіп жүр. Енді  міне, облыс көлемінде ұйымдастырылған 2015 жылдың 20 қазан күні Қызылорда қаласында  А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облыстық Білім басқармасы және Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы бірлесе отырып, облыстағы колледждерде оқитын мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында «Үздік студент-2015» байқауы өтті.  «Байқоңыр «Космос» колледжінің» Туризм мамандығының 1 курс студенті Абдрахман Арман қатысып,  II орын иеленді.  Нәтижесінде арнайы диплом мен  бағалы сыйлықпен   марапатталды. Осы  жетістігі арқылы Арман өз ұжымының, қаламыздың мәртебесін көтерді. Жетекшісі Енсепова Анар Сеитжапаровна  тайсалмай, өз студентінінің рухын көтеріп, улкен жарысқа жоғары деңгейде дайындап апарып, алғыс хатмен марапатталды. Біз Арманнан алдағы уақытта әлде де үлкен жетістіктер күтеміз. Оның үлкен белестерді бағындыратындығына сеніміміз мол.

Бүгінде колледж ұжымы барлық істерде нәтижеге,  қолжетімділікке ие болып отыр.  Қазіргі заман мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол — осындай орталықтардың өткізген байқау, сайыс,  түрлі зияткерлі бағыттағы, әдістемелік тұрғыдағы жарыстарға қатысып ізденуімен келетін еңбек. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, колледж қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Алдағы уақытта да алар асулары, бағындырар биіктері де көп болсын.