Ғарыш туралы түсінік

 

 

Сабақтың   тақырыбы :   Ғарыш  туралы  түсінік .  

 Адамның   ғарышты  зерттеуі .

 Сабақтың  мақсаты : Күн  жүйесі , оның   ғаламшарлары ,  ғарыштық

денелер  туралы   түсініктерін  қалыптастыру .

                 Сабақтың   міндеттері :

  1. Оқушыларды ғарыш  әлемін  зерттейтін   ғылым  —

астрономиямен  таныстыру.

  1. Танымдық қызығушылықтарын ,  бақылау  білу ,  талдау,  қорытынды  жасай

білу  дағдыларын  дамыту .

  1. Ғарыштық әлемге қызығушылықтарын  ояту.

                 Көрнекілігі:  Күн  жүйесі  салынған   сурет, сызба,  слайд.

 

Сабақтың   барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

— Оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Шөл және дала өсімдіктері мен жануарлары тарауын аяқтағалы отырмыз сондықтан сол өткен тақырыптарды қорытындылап тест тапсырмаларын аламын.Тест тапсырмаларын орындау білеміз.

Тест.

1.Суы аз топырағы құрғақ,өсімдіктер сирек өсетін жер қалай аталады.?

А)дала              Ә)шөл             Б)орман

2.Далада қандай жануарлар тіршілік етеді?

А) кірпі, аю ,тиін      Ә)Ақбөкен,киік,қасқыр,қоян,борсық                Б)саршұнақ

3.Шалғын өсімдіктерін көрсет.

А)беде,әсел,гүлкекіре           Ә)көкнәр                     Б)боз

  1. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді ата?

А)Сүт,жүн,тері,май,айран            Ә)ағаш,ет                       Б)кілем,мұнай

5.Жануарларға  ағаштар мен бұталардың арасында тіршілік етуге

не әсер етеді?

А) адамның қамқорлығы            Ә) табиғи қулығы                 Б) өң

беруі

                 3.Жаңа   тақырыпты  меңгеру.

Кіріспе  әңгіме.

— Астрономия   деген   сөзді  естідіңдер  ме?(Астрономия)

— Түсіндірме сөздікте  былай  түсінік  беріпті :

Астрономия  — ғарыштық

денелерді  зерттейтін   ғылым . Астроном   — астрономия  маманы .

Алғашқы

астрономдарды   жұлдыз  санағыштар  деп  атаған .

  1. Оқулықпен жұмыс .

— Астрономдар : « Жұлдызды  аспан  —  табиғаттың  ұлы  кітабы .

Оны  Оқи  алған  адам,  бізді  қоршаған  ғарыштың   есепсіз

байлығының  сырын ашады»

дейді . Өз  пікірлеріңді  « Менің ойымша …»  деген  сөзбен  бастап,

ойларыңды ,  аспан  әлемі   туралы  естігендеріңді   баяндаңдар.

Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз « Ғарыш туралы

түсінік.Адамның ғарышты зерттеуі»деп аталады.Бүгінгі сабағымыз

ғарыш,аспан әлемімен тікелей байланысты болғандықтан

сабағымызды Құрманбай Толыбаев атамыздың

«Жұлдызды түн »өлеңімен бастайық.

Жұлдызды түн.

Қара көк аспан тұп-тұнық

Жұлдыздар шоқ-шоқ самсап тұр

Жел тынған тыныш түн тымық,

Көрінер таудан алшақ қыр.

Түртсе көзге көргісіз

Қараңғы түннің құшағы

Басқа құс қайда белгісіз

Жапалақ қана ұшады.

Жұлдыздар алыс жылтылдап

Шырақтай маздап жанып тұр

Жарқанат жүйткіп қутыңдап,

Әуеде ойнақ салып жүр.

  1. Оқулықпен жұмыс.

 — Жұлдызды   аспанды  қалай  бақылауға   болады?(оқушы

жауаптары)

 — Осы  туралы  мәтіннің  бірінші  бөлігінде   жазылған . Оқып

шығайық.

— Оқыған  бөліктен  қандай   шоқжұлдыздар  туралы  айтылған?

Шоқжұлдыздар адамдарға  қалай   көмектеседі?

  1. « Сен білесің  бе ?»  айдары .

— Балалар , біз Құс  жолының  тұрғындарымыз. Біздің

ғаламшарымыз Жер Құс  жолында  орналасқан .

Екінші  бөлік  оқылады .

  1. Сызба құрастырылады .

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Бұл жұмбақты шешу

арқылы

ғарыштық денелерді табамыз.Ендеше іске сәт.

1.Үлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан.Бұл не?   (Күн)

  1. Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек

Түн болғанда шомылады көлге кеп.

(Ай)

3.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

 

          Ғарыштық  денелер

 

 

 

 

 

Жер Ай Күн

 

 

Мұғалім   Күн  жүйесінде  орналасқан  ғаламшарлар  туралы

әңгімелейді .

Бейнетаспадан   Күн  жүйесі  туралы  түсірілген   слайд  көрсетіледі .

Оқушылар  ғаламшарлардың   аттарын   дәптерлеріне   тізіп

жазады  .

Мәтіннің  келесі  бөлігі  оқытылады .Оқушылар

ғаламшарлардың аттарын

дәптерлеріне    тізіп  жазады

Мәтіннің келесі  бөлігі  оқытылады.Оқушылар  ғаламшарлар

мен  олардың  серіктері туралы  оқып біледі.

6.Сарамандық  жұмыс.

Ермексаздан  ғаламшарлардың моделін  илеп  жасайды.

7.Сабақты  қорытындылау.

Мәтін соңындағы  сұрақтарға  жауап  береді,тапсырмалар ды

орындайды.Жұлдыздардың артындағы сұрақтарға жауап береді.

1.Ғарыштық денелерді ата?  Күн,жер,ай

2.Аспанда қанша жұлдыз бар?  3 млн жуық.

3.Жұлдыздарды немн бақылайды? телескоппен

4.Неше планета бар? 9

5.Қай планетаны алып тастаған?Плутон

6.Неліктен?Оның көлемі жұлдызға ұқсайды.

7.Тақия толы сөк ерте тұрсам жоқ.  Бұл не? Жұлдыз

8.Жетіқарақшының неше түрі бар? 2

9.Жетіқарақшыға қарап нені анықтауға болады?Солтүстік бағытты

анықтайды.

8.Үйге  тапсырма  беру. Мәтінді  оқу. Қосымша ғарыш туралы

оқып  келу.