Өсімдіктер адам қамқорлығына мұқтаж.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер адам қамқорлығына мұқтаж.

Сабақтын мақсаты:  оқушылардын өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына биімділігі  туралы кіріспе бөлімінде алған білімдерін одан арі толықтыру.

Тәжірибе жасау дағдысын дамыту. Өсімдіктерді қорғауға, ұжымдық жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға баулу, тарбиелеу.

Сабақтын түрі: сөйлесу бөлімі.

Әдісі: «Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны.

 

Көрнекілігі: оқулық, әр кезеңнің тапсырмалары және бағалау парағы.

 

Сабақтың барысы;  Ұйымдастыру бөлімі:

1.Топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

2.Оқушыларды сабақтын мақсатымен және

Ойынның   барысымен таныстыру.

 

Ойынның барысы:  Ойын төрт  геймнен тұрады.

Сынып үш топқа А, В, С тобына бөлінеді. Әр топтың өз жетекшісі болады. Сұраққа жауап берген оқушыға жарты немесе толық фишка беріледі.

 

 

1-гейм. «Бой сергіту». Әр топқа үш сұрақтан беріліп, талдауға уақыт бөлінеді. Топ оқушылары бірлесіп кезекпен жауап береді. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай қойылады.

 

 

А-тобы.  1.Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз. Оларды ата.

2.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы айт.

3.Қандай ортада өсетін өсімдіктердің тамырлары онша                                                                                                 ұзын емес, шашақты болып келеді?

 

 

 

 

В-тобы.  1.Ағаштар тобы туралы айт.

2.Көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы айт.

3.Қандай өсімдіктердің тұқымы +15,+25 градус   температурада өнеді?

 

С-тобы.   1.Өсімдіктердің тіршілігіне байланысты қажетті

жағдайларды ата.

  1.    Ылғал сүйгіш өсімдіктер туралы айт.
  2.   Жарық сүйгіш өсімдіктер туралы не айтуға болады?

 

2-гейм «Жұмбақтас».  Мұнда мұғалім сұрағына тез жауап беруі  керек. Егер жауап дайын болса, топ мүшелері қол көтеріп жауап береді.

 

А-тобы.   1.Өзінің қысқа тамыры арқылы түнгі салқында топырақ   бетіндегі   шық немесе жаңбырдың суын сіңіріп алатын қай   өсімдіктер?   (сүттіген, құрғақшылыкта өседі).

2.Кактус құрғақшылықта өсеме?

3.Ата тегі оңтүстіктің жылы аймағынан шыққан қандай өсімдіктер?  (жылу сүйгіш өсімдік)

 

В-тобы. 1.Тұқымдарын ерте көктемде себетін қандай өсімдіктер?

(суыққа төзімді өсімдіктер)

2.Көлеңкеге мүлде төзбейтін өсімдікті ата?(мақта)

3.Алоэ қандай өсімдік?(құрғақшылыққа төзімді)

 

С-тобы.  1.Тамырларының ұзындығы 15-20м болатын қандай

өсімдік?

2.Қандай өсімдіктер булануды реттейді?(жапырақтары   жалпақ    қалпақты саңылаулары ашылады да суды буландырады)

3.Кейде ағаштарды кесіп, ашық алаң пайда болғанда қандай өсімдіктер қурап қалады?(көлеңкеге төзімді өсімдіктер)

 

 

3-гейм. «Сен-маған, мен-саған». Үй тапсырмасы бойынша өсімдіктер туралы мақалдар іздеп,жаттау. Бұл кезеңде әр топ

бір-біріне өсімдік туралы мақал оқып, оның мағынасын түсіндіруді сұрайды?         Топтар мақалдарды оқиды.

 

4-гейм. «Көсемдікке ұмтылу».  Мұнда әр топ күрделі 1 тапсырмадан беріледі. Берілген тақырып бойынша өз ойларын өрбітіп эссе жазу немесе ауызша айту. Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.

 

А-тобы. «Мен өсімдікпін…..»

 

В-тобы. «Егер жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді?»

 

С-тобы. «Егер сөлей алса, онда олар не айтар еді?»

 

     Топтарды бағалау: Әр топтың жауаптарын саралай келе алған

Қорытынды:  Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана береді.

Бірақ адамның шаруашылық мақсат үшін өлшеусіз, кей жағдайларда орынсыз көп пайдалануынан жер бетіндегі өсімдіктер дүниесі қазір елеулі зардап шегуде. Әсіресе қалалар төңірегі күшті өзгеріске ұшырады. Қоқыс пен қалдықтар үйіндісі көбейді. Су қоймаларындағы су ішуге жарамсыз болып қалды. Судың, ауаның, топырақтың ластануынан табиғи тепе-теңдік бұзылды.

Сондықтан табиғатты, өсімдіктер дүниесін қорғау елімізде үлкен мақсат етіп қойылып, елеулі жұмыстар істелуде. Қорыта айтқанда өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.