Қазаққа қандай мамандық керек?

Қазаққа қандай мамандық керек?

Қазіргі жоғары оқу орнын бітіргендердің ¾ бөлігі заңгер, экономист, кеденші мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы бар. Жоққа шығаруғада болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларғы қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе көлік жуу орындарында жұмыс жасап жатқаны ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-анада жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр  адам өз мамандығының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Баяғыны естісек дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін дейді. Ал, қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрәбір. Ал, тыңғылықті тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға, яғни, бізге «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұрғандығына көңіл бөлген жөн. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажетті мамандықтың иесі болар еді.

Бір жағынан алып қарасаңыз көше сыпыруша болсаңда, сол істің асқан шебер маманы болу крек. Мамандықтың бәрі керек. Қазір ойлап қарасаныз қай мамандық иелері артылып жатыр? Ешқандай.  Егер маман барлық салады жеткілікті болса «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы керек емес болып қалар еді.