Қазақ хандығының құрылуы

Күні:     Сыныбы:  7 «А»    Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: §35 Қазақ хандығының құрылуы.
Дидактикалық мақсат- міндеттері:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін, Керей мен Жәнібектің биліктегі саясатын түсіндіру.

Тәрбиелік:  Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.                                                                                 Дамытушылық:  Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.                                                           Дидактикалық құралдары: интерактивті тақта, кесте, карта, карточкалық тапсырмалар, жеке тапсырмалар.

Сабақтың типі: жаңа материалды зерделеу сабағы.
Сабақты өткізудің әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, репредуктивті әдіс.
Сабақтың құрылымы:                                                                                                  І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа білімді игерту.

ІІІ. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану.

ІV. Сабақты қорытындылау

  1. Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушыларды сабаққа қатысуын тексеру.

ә) оқушылардың зейінің сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа білімді игеру:

Тақырыбы: «§35 Қазақ хандығының құрылуы »
Жоспары:

  1. Хандықтың негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек.
  2. Қазақ хандығының аумағы.
  3. Халқының этникалық құрамы.
  4. Көрші елдермен қарым қатынас.
  • Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі — Әбілқайыр хандығындағы ру- тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірдегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпалары мен соғыста жеңіліске ұшырауы- халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыраттып, көшіп — қонутәртібі бұзылды. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек бұл жағдайды дер кезінде пайдаланды. Сөйтіп, Әбілқайыр ханға қарсы шығып, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен- бұға өзінің ағасы Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде Моғолстанның батыс шекарасының қамтамасыз ету үшін Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы Шу бойынан қоныс бөліп береді. Осылайша Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466ж. Қазақ хандығын құрды.

Дамыту кезеңі:

№ 1 тапсырма: халықтың этникалық құрамы. «Кім? Қай жерде?» тайпалардың орналасуы кестесі.

Тайпалар Аумағы
НаймандарҰлытаудан Есілге дейін жерлерде
ҚоңыраттарТүркістан мен Қаратау аралығында
АрғындарЕртістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда
КерейлерТарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Обь және Тобыл өзендері аралығында.
ДулаттарІле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы  мен Оңт Қазақстан өңірінде.
ҚаңлыларҚратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында
ҮйсіндерЖетісуда
ЖалайырларҚаратауда, Сырдария бойында, Жетісуда қоныс тепті.

 

№2  тапсырма: «Тарихи сынақхат»  сөйлемді толықтыр.

1.Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі — …….. хандығындағы ру- тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірдегі дағдарыстар, …. ұрпақтарының билік үшін таласы. (Әбілқайыр, хан)

2……………. сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс ………… көшбастады. (Керей мен Жәнібек, Жетісу)

  1. Моғолстан ханы ………….. Керей мен Жәнібекке ……….өзенінің бойынан қоныс бөліп береді.(Есен бұға, Шу)

4………..жылдары  Қазақ хандығын құрды.(1465-1466 жылдары)

5.Хан тағына ……..отырды.(Керей). Ақылдасар серігі……болды. (Жәнібек)

6.Қазақ хандығындағы басты шаруашылығы…….және……болды.(көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы)

№ 3 тапсырма: Қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен факторларды жаз.

 

4  «Тарихи теңдеуді» шеш.

 

 

ІV. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану. 

№ 1 «Қазақ» атауының шығу тарихын жаз.

  • ………………………………………………………………………………………………………….
  • …………………………………………………………………………………………………………
  • …………………………………………………………………………………………………………

№ 2 «Алаша хан» аңызы бойынша Қотанның үш ұлына берілген жерлерді анықта.

  1. Сабақты қорытындылау.

 “Миға шабуыл” кезеңі.

  1. Қазақ хандығының құрылуына түрткі болған себебтері?
  2. Керей мен Жәнібектің Жетісуға қарай көшудегі мақсаттары неде болды?
  3. Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру тайпалардан тұрды?
  4. Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатқан елдермен қарым қатынасы туралы не білесіңдер?
  5. Қазақ хандығы қай жылдары, қай жерде құрылды?

ҮІ. Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

Оқушылардың аты -жөніБілемінТолық түсінбедімМен үшін бұл жаңа ақпарат
    

VІ. Үй тапсырмасын беру.

Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын, 164- 167 беттер аралығын түсініп оқу. «Егер мен хан болсам……» деген тақырыпта ойтолғау жазу.