Физика пәнінен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

 

 

Тақырыбы:  Физика пәнінен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

«Мұғалім деген — өзгенің бақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын халық»-деп Ушинский айтқанадай, шәкірттердің сапалы білім алуы үшін білім берудегі  жаңа технологияларды үйрену және оны қолдану біз үшін маңызды. Сабақты  оқу бар, десек те оқу бар жерде дұрыс оқыта білу де бар!

Метатану- оқуды үйретудің қозғаушы күші.  Әрбір адам ойлауға және ойлау туралы ойлануға қабілетті. Сын тұрғысынан ойлау, Метатанудағы  өзін — өзі реттеу, оқуды өз бетінше жалғастыра алу, білімін жинақтауға, жауапкершілікті түсінуге көмектесу.

Менің түсінігім бойынша, әрбір  мұғалім оқушыларды  сабаққа  ынталандырып  олардың белсенділіктерін  арттыру үшін,  ең алдымен өз ойын жинақтап, сабақ беру әдісін дұрыс таңдап, ой елегінен өткізіп реттеуі керек.

«Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетімен жалғастыра алатын білімді жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын  үйретуді мақсат еттім.   Өйткені материалды меңгеруде оң нәтижеге жету  үшін- Оқу тактикасының маңызы өте үлкен деп есептеймін.

«Оқуды үйрететін»- білім ортасын құру үшін ең алдымен өзім сабақ беретін сыныптардан зерттеуді бастадым. Сегізінші сыныпты  алуды жөн көрдім. Өйткені бұл сыныпта  оқу мотивациясы орташадан  төмен  оқушылар  бар және  жақсы, өте жақсы оқитын оқушылар да бар. Шын мәнінде барлық оқушының белгілі бір қырынан дарындылығы  болады  екенін біз оқудың бірінші бетпе-бет  кезеңінде оқыдық, сонда мен алдыма мақсат қоя отырып  осы сыныптағы  С оқушыны   төменнен орташаға,орташадан жогарғы деңгейге көтеруге бел будым. Бірақ жоғарыда айтып өткендей оларды мүлде қабілетсіз балалар деп айтуға келмейді,  олардың бойынан басқа оқушыларда болмаған  ерекше   қасиеттерді кейде байқап қаламын бірақ, көбіне олардың бойындағы ұяңдық ол оқушыларды сабақ барысында өздерін көрсете алуға мүмкіндік бермей жататыны бар.

Мен оқушыларға  сабақты  «қалай оқу керектігін  үйрету» және модулін енгізу үшін:

*білім  алу үшін міндетті талаптарды түсінуге;

*жеке ойлау үдерісін және олардың жұмыс қағидатын зерттеуге;

*міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

*нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектестім;

Осы міндеттерді   іске асыру үшін,оқушылардан оқуды үйренуді талап еттім. Оқушылардың оқу ептілігін дамыту барысында оқыту ортасын  дұрыс құруын, сондай ақ олардың  ақпараттарды  енжар-баяу  қабылдамай,  сабаққа белсенді қатысуларын қадағалап отырдым.

сабақты  «Магнит өрісі» тақырыбында өткіздім,

Сонымен: мен сабағымды  сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын құрудан бастадым. Оқушылармен бірге  шаттық  шеңберін құрдым. «Ақ тілек»- ойынымен сабақты бастадым. Мен өзімнен бастап оң жақта тұрған оқушыма тілегімді білдірдім, сонымен шеңбер жалғасып барлығы ақ тілегін айтып шықты. Жүздерінде көңілділік, бір-біріне деген мейірімділікті байқадым. Сондай көтеріңкі көніл-күймен, топқа бөлінуді бастадық. Сыныпта барлығы 10- оқушы болғандықтан біз 3 топқа бөлінеміз деп шештік.  Заттың агрегаттық үш күйіне бөліндік, яғни   ( Қатты,Сұйық, Газ). Шеңбердегі тізім бойынша дауыстап кезекпен айтып шықты  және  әр оқушы  өз жұбын тауып топ болып жайғасты және топ ережесін құрды.  Сабақты бастар тұста  өз бойымда сәл қобалжуды байқадым және өзімді  және ойымды тез ақ  жинақтап  алдым  жане сабаққа кірісіп кеттім

Сабақ барысы:  Блум таксономиясымен   байланысты құрастырылды.

( білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау -қорытындылау)

  1. Білу: Миға шабуыл. Өткен сабақпен яғни өткен параграфқа шолу жасап шықты. Бір оқушы интербелсенді тақтада үй жұмысы ретінде слайд  жасап келді, өткен тарауға саяхат жасадық және оқушылар яғни сынып болып оған бас бармақ арқылы бағалау жасадық, одан арғы әрекетіміз бір -біріне өткен тарау бойнша сұрақтар қойып  үй тапсырмасын бекітіп алдық, барлық оқушы сұрақ-қойып және жауап беріп қатысып отырды.  СТО — Топтық жұмыс «Джигсо әдісі»  (Жаңа тақырып)-  кейінгі әрекет  жаңа тақырыпты ашу, мұндағы әрекетімізді  ДЖИГСО  әдісімен байланыстырдық. Оқулықпен жұмыс, топтарға тарау бойынша бөлініп берілді, оқып топ ішінде талқылап түсінген ой пікірлерін постерге түсірді . Алғашқы  болған топ  шаңырақ жасап белгі берді. Постер қорғауға әр топтан оқушылар шықты. Мағынаны тану үшін топтарға жаңа тақырыпты өздігінен оқып  түсіну және жұбына түсіндіру, ақпаратпен бөлісуді ұсындым. Әр топқа жұбымен  есептерді талдай отырып шығаруды  тапсырдым. Бұл тапсырмада топпен талдау және жұбына талдап түсіндіріп, есепті тақтаға шығарып көшбасшылық танытуы тиіс болатын. Ең жақсы түсіндіре білген топты және ең жақсы түсіндірген белсенді оқушыларды смайликтер арқылы бағаланып  ынталандырылды. Оқушылыр бірін- бірі тез арада бағалап  үлгерді.  сабақта қолданылған жаңа технологияның тиімділігі көрініп тұрды.

 

Менің пікірім бойынша: «Қалай оқу керектігін үйрету» модулін енгізу, әр оқушының  ойлануға, өзін-өзі реттеуге, сабақ барысында белсенді қатысуға,  өзіндік пікірін айтуға үйренді деген қорытындыға келдім. Өзін-өзі әділ бағалау, сыни қөзқарастың қалыптасуы , оқушының бойында еркіндік пайда болды. Әсіресе бұл қабілеттер үлгерімі орташа және оқу мотвациясы төмен  оқушыларда көп байқалды.. Демек оқушы  психологиясына оң әсер еткені..

Әр топ бақылаушысы ең жақсы түсіндірген топ басшыларын және ең белсенді оқушыны  смайликтер арқылы бағалады. Менің тарапымнан өздігінен ізденіп жаңа тақырыпты ашуға үлес қосқаны үшін  әр оқушыны  смайликпен марапаттадым.

Топ басшылары жауап берген оқушыға ұпай санын белгілеп отырды. Талдап болған соң , қолдану әдісінде есептер шығарды. Интерактивті тақтадан есеп жазылды. Топ басшылары есеп шығарған оқушының жұмысын тексеріп, ұпай санын белгіледі. Жинақтау әдісі бойынша топ басшының белгілеген ұпайлары саналып, баға қойылды. Сабақ соңында 2 минут рефлексияға арналды. Әр оқушы өзінің ойын стикерге жазып, рефлексия бұрышына іліп кетті.Көпшілігінің ойы бір пікірде түйісті-жаттығу, сергіту сәттері қызықты, «ыстық орындық» талқылауы ыңғайлы екені. Ойларын жинақтап бағалауда 1топтың мүшелері екі оқушы-5, екі оқушы-4, ал 2 топта бір оқушы-4, екі оқушы-3 алды. Менің болжауымша, бүгінгі сабағым кешегі сабаққа қарағанда әлдеқайда сәтті, әрі ұтымды болды. Топтық жұмыста олар  түсініспеушілік,ұяңшылдық, ұялшақтық қасиеттерінен арылып, қарым-қатынастары жақсарғаны байқалып тұрды.

 

 

8-сынып                        Физика пәні:                       Ахметова     Айнұр

Сабақтың тықырыбы:1. Оқып үйренудін негізгі мақсаттары2. Оқып үйренудің нәтижесі3.  Оқытуда қолданылатын  әдіс -тәсілдер4. Оқытуда кездесуі мүмкін кедергілер5. Барлығын қосқанда

(дарынды және талантты балалар)

6. Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау7. Негізгі дерек көздер, көрнекіліктер
1  Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Электр қозғалтқыш. Электр өлшеуіш аспаптар Магнит өрісі және Электр тогының магниттік әсері  жайлы түсік қалыптастыру.Магнит өрісі және Электр тогының магниттік әсері  жайлы түсік қалыптасады, күнделікті өмірден, қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.1.  «Ақ тілек» жаттығуы

2. Заттың агрегаттық күйлеріне байланысты 3 топқа бөлу( қатты, сұйық,газ)

3. Миға шабуыл.

Венн  дөңгелегі бойынша сөйлеу

4. Топтық жұмыс «Джиксо әдісі»

5. Смайликтер арқылы бағалау

6. сергіту сәті:  — жаттықтырушы дос! АКТ

7.  Кері байланыс-(Тест)

8. Рефлексия

Оқушылардың эмоцианалдық және әлеуметтік жағдайлары,ұйқының шалалығы,ДЖИГСО әдісі,

Деңгейлік тапсырмалар,

Топқа бөліну

Өздерін-өздері бағалайды.

Смайлик беру арқылы оқуға ынталандыру, бармақпен бағалау, Мұғалімнің жиынтық бағалауы.

Кері байланыс.

Оқулық.

Оқыту әдістемесі

Ғаламтордан алынған ақпарат.

Оқулық.

Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материалдар, түсті қағаздар, фломастерлер, смайликтер……..

2   Электромагниттер. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттерге анықтама беру, қасиеттерімен таныстыру,  күнделікті өмірде пайдалануға үйрету 1.  «Менің есімім» жаттығуы

2. Элементар зарядтар арқылы 3 топқа бөлу(электрон, протон,нейтрон) бағалау парақшасын тарату, топ басшысын(модератор), тайм кипер,бақылаушы.

3. сабақ барысы: Блум таксономиясы( білу,түсіну,қолдану- талдау, жинақтау -қорытындылау)

*. Білу:  Миға шабуыл.

Венн  дөңгелегі бойынша сөйлеу: кері байланыс (жулдызша,тілек)

Слайд -уй жұмысын талдайды,.бекітеді.  ( АКТ)

*Түсіну:  Топтық жұмыс «Джиксо әдісі»  (Жаңа тақырып)

*. Смайликтер арқылы бағалау

*. Сергіту сәті:

*.қолдану- талдау: Сәйкестендіру  жаңа тақырыпты қолданады

*. Жинақтау қорытындылау- өзін -өзі бағалау(критерий бойынша)

7. Рефлексия

Оқушылардың оқу құралдарының болмай қалуы, өздеріне деген сенімсіздік, өздерін дұрыс бағалай алмауларыоқушылардың  деңгейлік тапсырмаларды орындауыФормативті бағалау, оқушылардың берген жауаптарына байланысты топ басшысын бағалау. Қол шапалақтауФизика 8- сынып оқулығы, АКТ, слайдтар,үлестірме парақтар, постер, маркер, фломастерлер, смайликтер
3 . Электромагниттік индукция.

Ақпараттың магниттік жазылуы

электр өлшеуіш құралдардың қызметімен таныстыру

Электромагниттік  индукция  заңының  шығуы және қолданылуы мен  таныстыру.  Генераторлардағы индукцияның жұмысымен хабардар ету

 Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, сабаққа белсенділіктері артады. Түйінді идеяларды айта отырып, есептерді шыгару жолдарын біледі1. «Эмоциялық уақыты «жаттығуы

2. Топқа бөлу

3.Үй тапсырмасы бойынша презентациялық таныстырылым.

4. Талдау ( Ойлаудың алты қалпағы.) деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық тапсырмалар

5.Бекіту. Сұрақ -жауап

6. Үйге тапсырма. ( Жұмбақ, мақал- мәтел)

7. Рефлексия

Когнетивтік және әлеуметтік кедергілер, Оқушылардың баяу ойлаулары, тіл байлықтарының жетіспеушілігі, есептеу қабілеттерінің төмендігі,Тақырып бойынша бір біріне сұрақ қояды, ақпаратпен бөлісу, топтар бір-біріне пікір айтадыМадақтау, смайликтер беру арқылы оқуға ынталандыру, бармақпен бағалау, критериалды бағалау.Слайдттар, топтарға арналған бағалау парақтары,А4 қағазы, постер, маркер, тусти қарандаштар, смайликтер
 

4

Қорытынды: Электр энергиясының алыс  қашықтықтарға жеткізілуі

 

Электр және магнит өрісі жайлы түсінік қалыптасады. Генераторлар, трансформа

торлар   жұмысымен танысады

 

Сұрақ- жауап арқылы тақырыпты  толық ашады, есептерді қалай шығару керек екенін біледі, өздерін және сыныптастарын бағалай алады. Өз ойын еркін жеткізіп  оны дәлелдей алады.

 

1.  Сергіту сәті «Мимикалық жаттығу»

2. Топқа бөлу, физик ғалымдар  есімдерімен

3. Топтық жұмыс «Өткенге  шолу», постер жасап қорғау.

4. Деңгейлік тапсырмамен жумыс

5.Шығармашылық.( Өлең, жұмбақтар құрастыру)

6. Рефлексия

 

Оқушылардың өз ойларын  жинақтай алмаулары, сабақ барысында баяу қозғалысы, жеке жұмыс жасағанда өздеріне деген сенімсіздік.

 

Топтық жұмыс

(Жоба дайындау), деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

 

Деңгейлік тапсырмалар бойынша, мұғалімнің бақылауы арқылы топтағы жұмыс бағдаршам әдісімен бағаланады

 

Физика 8- сынып оқулық. Әдістемелік нұсқаулықтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар

 

Бұл жоспардың мақсаттарында: магниттер мен электр өрісінің өздеріне тән қасиеттері мен белгілерін ажырата білуге, күнделікті өмірден мысалдар келтіре алуға,  есептер шығарғанда дұрыс қолдану  қамтылды. Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарында сындарлы оқытудың жеті модулін қолдану қарастырылды. Атап айтсам :оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау,өзін-өзі бағалау, сабақта АКТ-ны пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту,жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару көшбасшылық. Оқытудағы жаңа тәсілдерді көбінесе топқа бөлуде,ұйымдастыру кезеңінде: «Ақ тілек», «Ыстық орындық», эмоциялық, мимикалық жаттығуларда және сергіту сәттерінде: «Породия» аңдарға, поп, реп әндеріне қолданылды. Сыни ойлау жаңа тақырыпты «Ыстық орындық» тәсілімен талқылауда  және  «Жоба қорғауда» пайдаланылды.  Өзін-өзі бағалау:(бағдаршам , ұпайлар жинақтау,формативті,критерий) әдістерімен бағаланады. АКТны  жаңа сабақ түсіндіруде, бекітуде шығармашылық жұмысты орындауда қолданылды.  Тақырыптар бойынша дарынды балалардың қабілетін ашу мақсатында : өтірік өлеңдер,жұмбақтар құрастыру үй жұмысына  тапсырма беруде ескерілді.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту «Ойланудың  алты  қалпағын»қолдану арқылы талқылау ойластырылды. Топтық жұмыстарда, жобаны қорғауда  оқытуды басқаруда Джигсо әдісімен көшбасшылық қасиеттеріне сәйкес тапсырмалар құрастырылды.

Осы оқыту түріне  құрылған  жоспарда қолданылған әдіс-тәсілдерден күтілетін нәтижелер оқушылар магниттің және электрдің  түрлерін біледі, сызбаларын сыза алады, анықтама, белгілері мен қасиеттерін ажырата алады,өздерін және сыныптастарын бағалайды, өз ойын еркін жеткізеді, топпен жобаны қорғайды,топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, түйінді пікір айтады, сұрақ қояды  және өзі жауап береді, сыни ойлайды, бірін-бірі құрметтейді, сабаққа белсенділігі артады, оқуға  қызығушылық танытып ынталанады,көзқарасы өзгереді, нәтижелі жұмыс жасауға тырысады, ойлау туралы ойлану қабілеті қалыптасады деп болжаймын

Сабағымды қорытындылай отырып  мен болашаққа болжам жасадым, алдағы уақытта  тек кана бұл сыныпты емес өзім сабақ беретін барлық сыныптарды осы тәсілмен оқытамын, өйткені тиімді әрі қызықты. Мұндай оқу үлгерімі  нашар деген оқушылардың да басқа балалардан кем әрекет жасамайтыны көңілге қонымды деген тұжырымға келдім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған  НҰСҚАУЛЫҚ

Mercer.N.(2000) Words and Minds. ( Сөздер мен ойлар). London, Routledge*

Көпіршелер-МАН 25 бет: Wood, D. (1998). How Children Think and Learn. (Балалар қалай ойлайды және қалай оқиды?) аnd editon. Oxford. Blackwell Publishers  Ltd