Жинақтық, болжалдық сан есімдер

Сабақтың такырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға жинақтық және болжалдық сан есімдер жайлы
толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабақка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау. Білімді тексеру кезеңі.

а)  Сан есім деген не?

ә) Қүрамына қарай нешеге бөлінеді?

б) Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

в)  Есептік, реттік сан есімдер деген нс, олар қалай жасалады?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Жинақтық және болжалдық сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген сүрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.

Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де,қанша,неше,қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.

Түсінгенін тексеру. Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады? Болжалдық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 169-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.


Келесі тапсырма: 170-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер, оларға сұрак койыңдар.

Келесі тапсырма: 171-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер қүраңдар.

Жаңа сабақты бекіту жумыстары. 1.   Сөзжүмбақ шешкізу. Сөзжүмбақты дүрыс шешкен кезде, тігінен болжалдык, деген

сөз шығады.

 

         

1      
2    
3    
4   
5     
6    
7      
8      
9      
  1. Араның сыйы (бал)
  2. Мүздасаң жылытатын (от)
  3. Ешкінің баласы (лақ)
  4. Жыл мезгілі (жаз)
  5. Жеміс аты (алма)

 

  1. Балшық түрі (лай)
  2. Тынығатын күн (демалыс)
  3. Суъщ сезінің антонимі (ыстық)
  4. Жыл атауы (қоян).

2.Сюжетті суреттерді ала отырып мәтін құрау. Мәтіндегі сөйлемдер-ден сан есімді табу.

З.Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жүмыс.

№1

Жинақтық сан есімді тап. Біреу, екеу, жетеу, От пен отын, көсеу, Сонда бәрі нешеу? №2

Жүмбақты шеш. Сан есімді тап. Екі айнасы, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы, Бір шыбыртқысы бар.

№3

Жүмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат. Төртеуі түрады, Біреуі жейді. Біреуі аула сыпырады.

№4.

Болжалдық сан есімдерді тап. Қалай жасалғанын ата. Жиырма бестей арғы атамыз, Сонша жасап бергі атамыз. Өз атамыз — жиырмада, Бізге сол жас бүйырмай ма?

Сабақтың қорытындысы:


  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 167-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Ребусты
    шешіңдер. Құрамында сан есімі бар не мақал, не мәтел, не нақыл сөз бойынша өздерің де
    рубус қүраңдар.

Келесі тапсырма: 168-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Екеу, үшеу, төртеу боп ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріңдер. Жинақтық сан есімді, өздерің білетін ойын туралы сөйлем қүрастырып жазыңдар.