Символдық мәліметтерді енгізу

Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтерді енгізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға символдық мәліметтер жайлы жалпы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз еркімен жұмыс істеу қабілеттерін, зейінін, ойын дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырманы дер кезінде орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: тест

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі                 2    мин

  1. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3.Жаңа тақырып өту                    15  мин

4.Жаңа тақырыпты бекіту           10 мин

5.Сабақты қортындылау              3 мин        

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Барлығымыз дәптер, кітаптарымызды жауып, партаның шетіне қоямыз. Бүгін біз сіздермен алдыңғы сабақта алған білімдеріңізді тексеру үшін 10 сұрақ, 2 нұсқадан тұратын тестр жазамыз.Тесеке 10 минут уақыт беріледі.

Тест

I – нұсқа

  1. Паскаль тілінде программа қай сөзден басталады?
  2. End
  3. Program
  4. Type
  5. Const
  6. Айнымалыларды сипаттау бөлімі:
  7. Var
  8. Const
  9. Type
  10. Integer
  11. Integer қандай тип?
  12. Логикалық
  13. Нақты
  14. Бүтін
  15. Символдық
  16. Real қандай тип?

а) Логикалық

  1. b) Нақты
  2. c) Бүтін
  3. d) Символдық
  4. Мәліметтерді енгізу операторы.
  5. Read
  6. Write
  7. Input
  8. Output
  9. Паскаль тілінде нәтижені экпанға шығару үшін қай операторды қолданамыз?
  10. Read
  11. Write
  12. Input
  13. Output

7.Көшу операторы –

  1. If
  2. For
  3. While
  4. Goto
  5. Паскаль тілінде программаның басы қай сөзден басталады?
  6. End
  7. Program
  8. Begin
  9. Var
  10. Шартты оператор
  11. For
  12. If
  13. Case
  14. Repeat
  15. Таңдау операторы
  16. For
  17. If
  18. Case
  19. Repeat

Тест

II – нұсқа

  1. Оператор дегеніміз не?
  2. Прграмма орындауда жүктелетін шағын программа;
  3. Алгоритмді жүзеге асыру барысында іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі;
  4. Мәліметтерді пайдаланып, әртүрлі амалдарды орындау бөлімі;
  5. Программа обьектілерімен жұмыс істеу, ықпал ету аймағы;
  6. Тұрақтыларды сипаттау бөлімі.
  7. Var
  8. Const
  9. Type
  10. Label
  11. Бүтін бөлікті табу
  12. Div
  13. Mod
  14. /
  15. :
  16. Параметрсіз шығару операторы
  17. Write
  18. Read
  19. Writeln
  20. Readln
  21. Программаның соңы қандай сөзбен жабылады?
  22. Program
  23. End
  24. Begin
  25. Writeln
  26. Шарты алдын ала берілген цикл операторы
  27. For
  28. Case
  29. While
  30. Repeat
  31. Шарты соңынан берілген цикл операторы
  32. For
  33. Case
  34. While
  35. Repeat
  36. Параметрлі цикл операторы
  37. For
  38. Case
  39. While
  40. Repeat
  41. Then қызметші сөзі қандай мағына білдіреді?
  42. Егер
  43. Үшін
  44. Онда
  45. Паскаль тілінде программаның басы қай сөзден басталады?
  46. a) End
  47. b) Program
  48. c) Begin
  49. Var

 

Тест жауаптары

 

  1. b
  2. a
  3. c
  4. b
  5. a
  6. b
  7. d
  8. с
  9. b
  10. c

 

  1. b
  2. b
  3. a
  4. c
  5. b
  6. c
  7. d
  8. a
  9. a
  10. b


 

  1. Жаңа тақырып өту. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Символдық мәліметтермен жұмыс».кітапта 105 бетті ашамыз.символдық мәліметті өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR ( ағылшынның CHARACTER — символ деген сөзінен қысқөартылып алынған) сөзі арқылы жүзеге асырылады. CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланатын кез келген жеке символ болып, олш мәлімет өрнектеудің кодтық кестесінің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс. Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді, оның негізі болып ASCII коды саналады. Оның 0- 127 кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалары болып саналады,оларға латын әріптері, тыныс белгілер, цифрлар, арифметикалық операция таңбалары мен басқару символдары кіреді.

Символдық немесе литерлік айнымалыға компьютер жадынан бір байт орын беріледі. Символдық мәліметтер үшін логикалық нәтиже беретін =, <>, >, <=, >=, қатынас таңбалары бар өрнектер пайдаланылады.

Символдық типтегі мәліметтер үшін төиендегідей стандартты функциялар анықталады:

Chr(x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді.

Ord(ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді.

Pred (ch) – ch- тың алдыңғы кодына сәйкес символ береді.

Succ(ch) – ch- тан кейінгі кодына сәкес символ береді.

Upcase(ch) – кіші латын әріптеррін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді.

Символдық мәліметерді енгізу.

1.Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы арқылы жүргізіледі, оарды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.

  1. Бос орын таңбасы Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен , символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.
  2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.
  3. Тағы бір ерекшелігі – тек ENTER пернесі болса да , -оны READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.

Сканерлеу кодын пайдалану Турбо Паскаль программасының CRT  модулінің READKEY фунциясы арқылы орындалады. Символ енгізген кезде бұл функция курсорды келесі орынға жылжытпай, ол орынға кез келген символ бейнесін шығара алады.4. символдық және сандық мәліметтерді енггізген кезде , көбінесе- EOLN  (end of line – жол соңы ) стандартты функциясын пайдалану қолайлы. Бұл функция мәні « жолдың соңы болды» немесе « мәндер беріліп болды » дегенді білдіретін Enter  пернесі басылғанда ғана ақиқат болады да , қалған жағдайлардың барлығында да жалған болады. Бұл функция көбінесе циклдік операторларда пайдаланылады.

Мысалдарды қарастырып , оларды оқушыларға компьютерге енгіздіріп , нәтижесін көру.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Символдық мәліметтерді енгізу үшін қандай опеаторды қолданамыз?(Read  операторы)

 

  1. Мәліметтердің символдық типін анықтайтын сөз.( CHAR ( ағылшынның CHARACTER —  символ деген сөзінен қысқөартылып алынған))

 

 

  1. Символдық мәліметтер үшін қолданылатын қатынас таңбалары.( =, <>, >, <=, >=, қатынас таңбалары)

 

  1. Символдық типтегі мәліметтер үшін анықталған стандартты функциялар.( Chr(x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді.

Ord(ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді.

Pred (ch) – ch- тың алдыңғы кодына сәйкес символ береді.

Succ(ch) – ch- тан кейінгі кодына сәкес символ береді.

Upcase(ch) – кіші латын әріптеррін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді.)

 

  1. Сканерлеу кодын пайдалану үшін қандац функция қолданылады?

( READKEY фунциясы)

 

6.Символдық мәліметтерді енгізгенде қандай функция жолдың соңын білдіреді.( EOLN  (end of line – жол соңы ))

 

5.Сабақты қортындылау.

Бағалау

Үйге: кітаптағы 105- 112 беттерді оқу.

Сабақ аяқталды!Сау болыңдар!