Стандартты кітапханалық модульдер

 

Сабақтың тақырыбы: Стандартты кітапханалық модульдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жалпы көмекші програмалар жацында түсінік беру. Көмекші программалардың негізгі құрылымымен таныстыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру,өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережесін таңдауға, берілген тапсырмаға жауапкеғшілікпен қарауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Көрнекілігі: таратпа материалдар

Әдебиеттер: 1.9 сынып «информатика және есептеу техникасы негіздері»

Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова

  1. 9 сынып «Есептер және жаттығулар жинағы»

Сабақтың жоспары:

1Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)

  1. Үй тапсырмасын сұрау (10-15 мин)

3.Жаңа тақырып өту (15-20 мин)

4.Жаңа тақырыпты бекіту ( 10-15 мин)

5.Сабақты қортындылау

А)  баға қою (2-3 мин)

Б) Үйге тапсырма беру ( 2-3 мин)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

  1. Үй тапсырмасын сұрау.Бақылау жұмысын алу оқушыларды екі нұсқаға бөлу.

 

  1. Жаңа тақырып түсіндіру

Стандартты кітапханалық модульдер.

Паскаль тілінің  кітапханалық модульдері бар. Олар: system, Crt, Dos, Graph, Graph3, Overlay, Printer, Турбо3 және турбо vision арнаулы кітапханасы. System модулі келісім бойынша іске қосылады, ал қалған программа құраушының өзі стандартты Uses түінді сөзі арқылы енгізеді.мысалы: Uses Crt, Dos, Printer.

Осы модульдердің әрқайсысының атқаратын қызметтеріне тоқталайық:

System – негізгі модуль, оның құрамындағы стандартты қосалқы программалар басқа барлық модульдердің жұмысын қамтамасыз етеді.

Crt – дисплей мен пернетақтаны басқарады;

Dos – Dos жүйесінің әр түрлі функцияларын орындау ісін жүзеге асырады;

Graph – қазір қолданыстан шыққан немесе сирек кездесетін CGA, EGA, VGA, HRC, IBM 3270, MCGA,  ATT6300.

Graph3- Паскаль тілінің стандартты графикалық қосалқы программаларды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Overlay – оверлейлік ( көлемді программаны шағын бөліктерге бөліп, қажет болғанда оны қайтадан біртұтас күйде жұмыс атқаратын қалыпқа келтіру) программаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасайды.

Printer – принтерде мәлімет басып шығаруды жылдамдатады.

Турбо3 – программаның паскаль 3.0 нұсқасымен сәйкетігін барынша үйлестіру ісіе атқарады.

турбо vision – тұтынушы интерфейсін жасайтын обьектіге бағытталған қосалқы прграммалар кітапханасы іске қосылады.

Ішкі функциялар мен процедуралар. Паскаль программаларында system стандартты кітапханалық модулі бірден автоматты іске қосылады да, ол Uses бөлігінде көрсетілмейді. Сондықтан оның құрамындағы ішкі стандартты процедуралар мен функцияларын пайдалануға болады.

Паскальда жазылуыАргумент типіНәтиже типіАтқаратын қызметі
Арифметикалық функциялар мен процедуралар
Abs(x)

 

Arctan(x)

Cos(x)

Sin(x)

Exp(x)

Frac(x)

Int(x)

Ln(x)

pi

sqr(x)

sqrt(x)

random

 

random (i)

 

randomize

Real/integer

 

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Real/integer

Real

 

 

word

 

Х-аргументінің типі

 

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Real

Х аргументінің типі

Real

Real

 

word

 

 

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

Е-нің х дәрежесі

Х санның бөлшек бөлігі

Х санның бүтін бөлігі

Х санның натурал логорифмі

Pi= 3.141592653897932385

Х-тің квадраты

Х- тің квадрат түбірі

0  мен 0.99 арасынан кездейсоқ мәнін береді

0 мен I арасынан кездейсоқ сан мәнін береді

Кездейсоқ сандар генераторы базасын ауыстырады

Скалярлық функциялар мен процедуралар
Pred(s)

 

Succ(s)

 

Odd(i)

Реттелген тізім

 

Реттелген тізім

integer

Реттелген тізім

 

Реттелген тізім

boolean

Тип мәндері тізіміндегі s – тің алдындағы элемент мәні алынады

Тип мәндері тізіміндегі s-тен кейінгі элемент мәні алынады

Егер I тақ болса, функция мәні –true, ал I жұп болса-false.

Ескерту. Функциялардың жазылуындағы жүйелі жақша мен оның ішіндегі элемент міндетті түрде жазылмайды, оның бірде болып, бірде болмауы мүмкін.
Типтерді түрлендіретін функциялар
Chr (i)

 

Ord(s)

 

Round(x)

 

Trunk(x)

 

 

 

Byte

 

 

 

Real

 

Real

 

Char

 

longint

 

longint

 

longint

I реттік нөмірі бойынша символды анықтайды.

S типімен саналатын мәндері үшін реттік нөмірін анықтайды

Нақты санды бүтін санға дейін дөңгелектейді

Нақты санның бүтін бөлігін (x>=0) немесе одан 1- ге кіші мәнін (x<0) береді.

Программаларды басқаратын процедуралар
Delay(i)

 

Exit

 

Halt(n)

 

 

Runerror(i)

word

 

 

 

word

 

 

word

 

 

 Программа орындалуын I мс-қа кідіртеді.

Орындалып жатқан блоктан сыртқы блокқа шығу

Програма жұмысын аяқтау, n- операциялық жүйеге берілетін программаны аяқтау коды.

Программа жұмысын аяқтап, I  — қателік кодын беру.

Арнайы функциялар мен процедуралар
Hi(i) немесе  high(i)

 

 

 

Lo(i) немесе low(i)

 

 

 

paramcount

paramstr(n)

 

size(ot)

 

swap(i)

Integer

 

 

 

integer

 

 

 

 

word

 

word

 

integer

Byte

 

 

 

byte

 

 

 

string

string

 

 

 

integer

Нәтиженің төменгі байтын i- дің жоғарғы байтымен алмастырады, нәтиженің жоғарғы байты нөлге теңеледі.

Нәтиженің төменгі байтын i- дің төменгі төменгі байтымен алмастырады, нәтиженің жоғарғы байты нолге теңеледі.

Командалық жолдағы программаға жіберілген параметрлер санын береді.

Командалық жолдың көрсетілген параметрін береді.

Көрсетілген тип не айнымалының жад көлемін анықтайды.

I параметрімен берілген әр нүктенің жоғарғы және төменгі байттарын алмастырады.

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа тақырып бойынша 2 сұрақтан таралған карточкалар таратылады.

 

 

Карточка №1

  1. Стандартты кітапханалық модульдер ата
  2. System модулінің қызметі

 

 

Карточка №2

  1. Crt модулінің қызметі
  2. Dos модулінің қызметі

 

 

 

Карточка №3

  1. Graph модулінің қызметі
  2. Graph3 модулінің қызметі

 

 

 

Карточка №4

  1. Турбо3 модулінің қызметі
  2. Overlay модулінің қызметі

 

 

 

Карточка №5

  1. Printer модулінің қызметі
  2. Турбо vision   модулінің қызметі

 

 

 

Қорытындылай келе бүгін біз жиымдар және Стандартты кітапханалық модульдер.Олардың әрқайсысына тоқталып, сипаттадық. Енді бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

 Бағалау. Үй тапсырмасына және өтілген тақырып сұрақтарына жауап берген балалар бағаланады.

Үйге тапсырма  Стандартты кітапханалық модульдер тақырыбын, яғни 142- 144 беттерді оқып келу.

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест

I – нұсқа

1.Символдық мәліметтерді өңдеуде символдық типті анықтайтын түйінді сөз.

  1. String
  2. Char
  3. Real
  4. Integer
  5. Символдық айнымалының компьютер жадынан алатын орны.
  6. 1 байт
  7. 2 байт
  8. 3 байт
  9. 4 байт
  10. Бүтін типтегі өрнекті символға түрлендіретін стандартты функция.
  11. Ord
  12. Pred
  13. Chr
  14. Succ
  15. символдық деректерді пернетақтадан енгізетін оператор.
  16. Writeln
  17. Input
  18. Read
  19. Output
  20. Сканерлеу кодын жүзеге асыратын функция.
  21. EOLN
  22. Readkey
  23. CRT
  24. NOT
  25. EOLN (end of line ) –
  26. Жол басы
  27. Программа соңы
  28. Жолдың соңы
  29. Программа басы
  30. Жолдың ұзындығын анықтайтын функция
  31. String
  32. Integer
  33. Single
  34. Real

8.Тіркестік өрнек дегеніміз не?

  1. Символдар саны 256 символдан асатын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;
  2. Мәліметтердің құрылымдық типі;
  3. Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;
  4. Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;
  5. Біріктіру амалын орындайтын функция.
  6. Insert
  7. ConCat
  8. Pos
  9. Upcase
  10. Паскаль тілінің стандартты функциялары.
  11. CHR,ORD
  12. COPY,ConCat
  13. Length,Pos, Upcase
  14. Барлық жауап дұрыс

 

 

 

 

 

 

Тест

II – нұсқа

  1. символдық мәліметтерді шығару операторы .
  2. Write
  3. Read
  4. Input
  5. Output
  6. Кіші латын әріптерін бас әріпке айналдыратын функция.
  7. Ord
  8. Pred
  9. Succ
  10. Upcase
  11. Жолдық тұрақты жегеніміз не?

а)Символдар саны 256 символдан аcпайтын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;

b)Мәліметтердің құрылымдық типі;

c)Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;

d)Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;

  1. Тіркестік айнымалының мәніндегі символдар санын қай функция арқылы анықтаймыз?
  2. Upcase
  3. Pos
  4. conCat
  5. Length
  6. S= ‘ ДЭЕМ IBM’ берілген, delete (S,1,4) болғанда нәтиже қандай?
  7. ‘ДЭМ’
  8. ‘IBM’
  9. ‘ЭЕМ’
  10. ‘ЭM IBM’
  11. «Информатика» сөзінің ұзындығы нешеге тең?
  12. 13
  13. 11
  14. 14
  15. 12
  16. ‘MS-DOS’<’ MS-dos’ амалы орындалғанда нәтижесі …
  17. False
  18. True
  19. String
  20. Single
  21. Паскаль тілінің сөз тіркесмтерін өңдейтін процедуралар.
  22. CHR, ORD, COPY, CONCAT
  23. DELETE, INSERT, STR, VAL
  24. LENGTH, INSERT, ORD, COPY
  25. UIPCASE, STR, CHR, CONCAT
  26. Символдық айнымалының компьютер жадынан алатын орны.

a)1 байт

b)2 байт

c)3 байт

d)4 байт

10.Тіркестік өрнек дегеніміз не?

a)Символдар саны 256 символдан асатын апостраф ішіне алынған символдар тізбегі;

b)Мәліметтердің құрылымдық типі;

c)0Функцияларды, процедураларды, тұрақтыларды, айнымалыларды енгізуге арналған тіркестер;

d)Амал белгілері, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар, функция атауларынан құрылған , ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбек;