7-санын қосу және азайту

Математика . Қысқа мерзімді жоспар . 1-сынып  04.03.2015.

 

Сабақтың

тақырыбы

7-санын қосу және азайту
Сабақ

мақсаты:

7-ні қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.

 Логикалық, есте сақтау қабілеттерін, бағыт-бағдар бере отырып,өздігінен жұмыс істеуге,өзіндік талдау және шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру

 

Күтілетін

нәтиже:

 7-ні қосу және азайту тәсілдерімен танысады, оқушылар шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.Тез шешім қабылдауға үйреніп, халықтың болжам, қағидаларының мағынасын түсінуге,7 санының қасиетті сан екенін білуге үйренеді..
Тапсырма

негіздері:

Оқулықтағы практакалық жұмыс; Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау,ойларын ортаға салу, топқа бейімделу; оқулықпен жұмыс; Дәптермен жұмыс. Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: Кесте, суреттер, қималы карточкаларды пайдалану

 

Сабақтың

көрнекілігі:

Постерлер,түсті суреттер,бағалау парақшалары, электронды оқулық,проектор,
Сабақта

орындалатын

тәсілдер:

Топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, тест тапсырмасы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, көңіл – күйлерін көтеру сәті, жеке,сұрақ-жауап,түсіндіру,бақылау,қорытынды шығару

 

Жұмыстың белсенді

формалары:

СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,. Жаңа сабақты меңгертуде Power Point таныстырылымы. Топқа бөлу. Ой қозғау.
Оқыту

түрлері:

жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу
Пәнаралық

байланыс:

халық ауыз әдебиеті, дүниетану,ана тілі,музыка.

 

Сабақ

кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

      Оқушының

     іс-әрекеті

    Ресурстар
Ұйымдастыру

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

Күннен жерден нәр алған

Біз-өмірдің гүліміз

Сабағымыз басталған

Сәтті болсын күніміз

 

Оқушыларды түрлі түсті «жауқазындар» арқылы топқа бөлу

Топ ережесін еске түсіреді.

Оқушылар іс-әрекетті қимылмен айтады

 

Топтарға бөлініп орналасады.

Топ басшыларын

сайлайды.

Интерактивті тақта

 

түрлі түсті «жауқазын»

гүлдері

Бағдарлау-мотивациялық

кезең

Оқушылардың қызығушылығын

ояту мақсатында интер.тақтада

әр топпен логикалық тапсырмалар орындау.

Өткен сабақты пысықтау:

2,3,4,5,6 сандарын  қосу,азайту

кестесін қайталау,(ауызша есептер)

Жаңа сабаққа дайындық:

Жұмбақ жасырады.

 

6 бұтақты ағашта

Бұтақ сайын 1 алма

Тағы біреуін қосқанда

Сонда болмақ қанша алма.

 

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін?

Формативті бағалау

 

Оқушылар

тапсырмаларды

орындайды

 

 

Ауызша мысалдарға

жауап береді.

 

 

 

 

Жұмбақтардың жауабын

айтады.

 

Өз топтарында

белсенді болуға ұмтылады.

 

Интерактивті тақта

 

 

Операциялық-

орындаушылық

кезең.

Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

«7 санын қосу азайту»

7 саны қасиетті сан екендігін(7 ата,7күн,7түс,7 қазына) түсіндіру.

Мақал айту:

7 рет өлшеп,1 рет кес.

7-ге келгенше жерден таяқ

жейсің.

7 санын қосу азайту кестесін

құру

1+7=8            8-7=1

2+7=9           9-7=2

3+7=10        10-7=3

 

Сергіту сәті.

Музыка әуенімен дене қимылдарын жасау

Дәптермен жұмыс:

көркем жазу үлгісін

жазуды түсіндіреді.

2-тапсырма.

Кесінділерді сызып,салыстыру.

Топтарды формативті бағалайды.

 

Есеп шығару:

Үлкен қасық-10

Кіші қасық-7

Қанша артық?

Шешуі:10-7=3

Жауабы:Үлкен қасықтың 3-і

артық.

 

Мұқят тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте құруға

белсене араласып,

өз топтарында

ынтымақтаса

жұмыс атқарады.

Жаттығу жасайды

 

7-ні қосу азайту кестесін

жазады

 

Геометриялық

тапсырма орындайды.

 

1оқушы тақтада

орындайды

топта өз беттерінше орындайды.

 

 

Интерактивті тақтада

көрсету.

 

 

 

 

Электронды

оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

Видео

 

 

 

 

 

Сызғыш,

Қарындаш

 

 

 

Тақта,бор

Рефлексиялық-

бағалау

кезеңі.

Сабақты бекіту.

Топтарға тапсырмлар таратып,орындауын қадағалау

 

Топтық жұмысты бағалайды

 

Кесте толтыруды тапсырады.

 

Бүгінгі сабақта

не үйрендім?

Нені білгім

келеді?

  
  

Тақтадағы баспалдақ суретіне

өз орындарын белгілеуді тап-сырады.(оқушы сабақты жақсы түсінсе баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін,дұрыс түсінбесе бұлтты күнді,мүлде

ұнамаса ,жауынды бұлттың

суретін жапсырады).

 

Тапсырманы

орындайды

 

Постер

қорғайды

 

 

Кесте бойынша

оқушы пікірін

айтады.

 

 

Баспалдаққа

өздеріне

ұнаған

суретті

жапсырады.

Түрлі-түсті

суретті

тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспалдақ

суреті

Үйге

тапсырма:

133-бет.4-тапсырма.Күнделікке

жазады