Септік жалғауларын қайталау

 

03.04.15Қазақ тілі4-сынып
Сабақтың тақырыбыСептік жалғауларын қайталау
Сілтемежоспар
Жалпы мақсаты

 

Септік жалғауларын еске түсіріп, тарау бойынша алған білімдерін бекіту. Оқушылардың сауатты жазу, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сөздердің дұрыс қолданысын  практикада жүзеге асыру.

Оқу  нәтижелері

 

Оқушылардың ой ұшқырлықтары, ойлау жылдамдықтары артады.

Балалар өздігінен сөздерді септей алады,тапсырма орындай отыра білімдерін бағалай алады.

Балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктері артады.

Негізгі идеяларСабақта алған білімдерін, жаңа сөздерді оқушылар практика жүзінде қолдана алады.
Тапсырмалар

 

1.     Тақырыпты ашу  ( қосымша №1слайд)

2.     Жұмбақ өлеңді шешу  ( қосымша № 2-9 слайдтар)

3.     Постерге берілген сөздерді септеу  (қосымша № 11слайд) топпен жұмыс

       Оқушыларды бірден үшке дейін санау арқылы үш топқа бөлемін. Оқушылар өздеріне тиген нөмір бойынша парталарға отырады.  (1 минут)

1-тапсырма (5 минут)

         Мақсаты: Интерактивті тақтадағыребусты және жұмбақ өлеңді шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Жұмбақ өлеңді  шешкеннен кейін оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды. Жауабын кітапта126 беттегі Қ.Мырза-Әлінің өлеңімен тексереді.

(Өлеңді оқушыға оқытамын)

2-тапсырма

        Мақсаты:    Төмендегі  сөздерді септеу. Топпен жұмыс (2 минут)

(«Температура» әдісін қолданамын) Оқушыларды жұмыс уақытында  тоқтатып,  «Біз не істеп жатырмыз?»  деген сұраққа жауап аламын.

Топтар өзара бірін-бірі постер қорғағаннан кейін, «Бармақпен бағалау» әдісі арқылы білімдерін анықтайды. (3 минут)

Бекіту

(4 минут)

Сәйкестендіру танымдық ойыны.  Оқушылар тақтада берілген септік тұрлері мен сөздерді жалғауларына қарай  сәйкестендіреді.
Кері байланыс

(2  минут)

Оқушылар сабақ соңында «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің жетістіктерін көрсетіп, мұғалімге тапсырады.
Бағалау

(3 минут)

 

Топта отырып оқушылар өздерін дескрипторлар арқылы бағалайды. Дескрипторлар ортақ талданып түсіндіріледі.