Топтау, бөлшектік сан есімдер

Сабақтың такырыбы: Топтау, бөлшектік сан есімдер Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға топтау және бөлшектік сан есімдер жайлы толық
мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Топтау, бөлшектік сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауві жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, т.б.

Бөлшектік сан есім.

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс немесе ілік септікте, алымы тәуелдік түлғада жүмсалады, кейде


тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады. Мысалы: екіден бірін. Үштің бірі, т.б. Осы сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіц келіп те жасалады. мысалы: екі жарым, үш ширек, т.б. он-дық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. мысалы: екі бүтін үш ондық немесе бес бүтін жүзден төрт, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 172-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап, оларды дәптерлеріңе сөзбен жазыңдар.

Келесі тапсырма: 173-жаттығужү_мысыньщ орындалу шарты төмендегідей: Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалдық, топтау сан есімдерін жасап жазыңдар.

Келесі тапсырма: 174-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне, жасалу жолына қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 175-жаттығу жүмысының шартын түсіндіремін: Бөлшектік сан есімдерді қатыстырып сөйлем қүраңдар.

Келесі тапсырма: 176-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 177-жаттығу жүмысының орындалу барысын түсіндіремін:
    Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.