«Мен – елімнің ертеңімін»

 

 

Тақырыбы: «Мен – елімнің ертеңімін».

 

Мақсаты:  Оқушыларды өз болашағын елінің ертеңімен байланыстыра            ойлайтын, белсенді де мәдениетті  ұлтжанды тұлға болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:техникалық құралдар, таратпа қағаздар, түрлі-түсті                қарындаштар.

 

Сабақтың өткізілу формасы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану

«ой шақыру», «галереяда ой шарлау»,                             «Т кестесі», «диалог», «елес жетелеу».

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;

а) психологиялық ахуал тудыру;

б) ән жолдары арқылы топтастыру;

б) оқушыларды үш топқа бөлу және жұмыс сипатын

түсіндіру;

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар!

 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен – елімнің ертеңімін».          Сабағымыздың мақсаты өз болашағын елінің ертеңімен байланыстыра            ойлайтын, белсенді де мәдениетті  ұлтжанды тұлға болуға тәрбиелеу.

 

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ, осы – міне, танып қой – деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Сіздер, ендеше өздеріңізді шет елден келген қонақ ретінде сезініп, Қазақстанды қалай бейнелер едіңіздер?

Топқа тапсырма беру. (ойлану, суретін салғызу)

 

Мұғалім: Сурет салып болсаңыздар балалар, ойымызды ортаға салайық. Енді салған жұмыстарыңызды іліңіздер. Өздеріңіз осы жұмыс барысында алдарыңызға таратылған сұрақтарға жауап берсеңіздер.

  • Идея қайдан келді?
  • Суретті кім салды?
  • Осы жұмыс барысында келісімге қалай келдіңіздер?
  • Қандай қате жіберді деп ойлайсыңдар?

Ал, енді осы сұрақтардың жауабын өздеріңіз ортаға салыңыздар?

 

ІІ. Мұғалім. Жақсы рахмет балалар, олай болса келесі тапсырыс,  өздеріңіз    жасаған жұмыстарыңызға орындарыңыздан тұрып аралап, зер салсаңыздар. Аралап болсаңыздар қай жұмысқа пікір — ұсыныстарыңыз бар, сол жұмысқа апарып іліп қойыңыздар. Енді, пікір қай топтың жұмысына берілген, соны алып, ортаға салып талдаңыздар. Әр топ өз жұмысына түскен ұсыныстар бойынша ойларыңызды айта кетіңіздер.

 

ІІІ. Мұғалім. Ал енді балалар, Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Еуропаға жол салу, Еуропамен тығыз байланыста болу, дамыған елдер легіне кірудің бірден-бір жолы екендігі айтылған. Ендеше, Еуропамен еліміз араласып жатса, сол елдермен тығыз байланыста болатын ел ертеңі сіздерсіздер.

«Еуропаға жол» бағдарламасынын мақсаты – біздегі экономикалық жетістіктерді Еуропаның стандарттарына сәйкестендіру. Сол арқылы елімізде өндірілетін өнімдердің сұранысқа ие болу мүмкіндігін күшейту, елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту, ең дамыған, бәсекеге лайықты елу елдің қатарына кіру. Олай болса, кесте арқылы, Еуропа Қазақстанға не береді?, Қазақстан Еуропаға не беретіндігі жайлы кестеге жазайық.

 

  1. Мұғалім: Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев шет тілдерін үйрену, тұғырлы үш тілділік туралы былай деген: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі – деген.

Тіл адам өмірінде, экономиканы дамытуда басым бағыт алатын болса, қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың тілдер жайлы қандай пікірде болғандығын білесіздер?

(Оқушылардың пікірін тыңдау).

 

  1. Мұғалім: Ал, енді сіздер келер ғасырдағы, болашақтағы Қазақстанымызды қалай елестетер едіңдер?

— Болашақтағы Қазақстан туралы қандай ой келеді?

— Қазақстанды қалай сезінуге болады?

— Қазақстанды қалай естисіздер?

— Қазақстанның иісі қандай?

— Қазақстанның дәмі қандай?

 

Ойланып болсаңыздар, өз ойларыңызды өлең жолдарымен немесе  эссе жазу арқылы қағаз бетіне түсіріңіздер.

 

Қорытынды. Еліміздің ертеңгі болашағы, әрине сіздерсіздер балалар, сіздердің қолдарыңызда, біз сіздерге сенеміз – дей отырып, бүгінгі сабағымыз аяқтаймыз.