Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде.

 

 

Сабақтың тақырыбы: § 6. Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде.

Сабақтың мақсаты:

  • Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?
  • Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?
  • Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды?
  • Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?

Сабақтың жоспары:

  • Тас дәуіріне сипаттама
  • Жазба деректер
  • Дәуірдің тарихнамасы
  • Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.

Парсы жазба деректері  бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

  • Тиграхауда сақтары- шошақ бөрік киген сақтар;
  • Хаомаварга сақтары-хаома сусынын қайнатушылар;
  • Парадарайя сақтары-теңіздің ар жағында тұрушы сақтар.

 

 

 

Бекіту:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
  • Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
  • Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма:§6.