Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға есімдік туралы түсінік, жіктеу есімдігі туралы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгендеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, және сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, жалпылау есімдігі, болымсыздық есімдігі және белгісіздік есімдігі.

1 .Жіктеу есімдігі

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі
деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар. Жіктеу
есімдіктерінің үш жағы ж
әне жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
Жақ                           Жекеше түрі                     Көпше түрі

 

Iменбіз, біздер
IIсен (анайы)Сендер (анайы)
 сіз (сыпайы)сіздер (сыпайы)
IIолОлар

Бірінші жақ—айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ—тыңдаушы жақ. Бұлар—адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? Деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ—бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да заттарға байланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Ол (кім?)—оқыған азамат. Ол (не?) -биік тау, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 192-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Сөйлемдегі есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 193-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді оқып, жіктеу есімдігін табыңдар.

Келесі тапсырма: 194-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар. Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар, қай септікте тұрғанын көрсетіңдер

Осы жаттығу жұмысын орындап болған соң қосымша тапсырма беремін. Мәтін маз-мұнын үлгі ете отырып, бейбіт күндегі тәуелсіз елдің ұланы ретінде өз ойларыңды жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 195-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көшіріп
    жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар. Олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын
    айтыңдар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.