Сілтеу, сұрау есімдіктері.

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу, сұрау есімдіктері. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға есімдік, оның түрлері сілтеу және сұрау есімдіктері
жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Сілтеу, сұрау есімдіктері» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Сілтеу есімдігі.

Сілтеу есімдіктері мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, анау, мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, мегзеу мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады. Мысалы: Самғай бер асқарға мынау қырандай. Бұл ұрысты біз жеңеміз. Сұрау есімдігі.

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қандай? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданылатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары қосылады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеу? кіміне? т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 196-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін табыңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 197-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар. Дауыс сазына назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрак қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс. Жіктеу есімдігіне 5, сілтеу есімдігіне 5, сұрау
    есімдігіне 5 сөз жазып, соларға сөйлем қ
    ұрап келіңдер. .