«Сауысқан мен көкек»

 

 

Тақырыбы: «Сауысқан мен көкек»

Мақсаты:Ертегі мазмұнымен тан   ыса отырып негізгі идеясын ұғынуларына жағдай жасау.

Кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрену.

 

Күтілетін нәтиже:Ертегі мазмұнының негізгі идеясын  түсінеді

Кейіпкерлерлерге сипаттама бере алады

 

Сабақтың көрнекілігі:құстардың суреттері,бағалау парақтары,

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин

Қызығушылықты ояту

а)Құстар жайлы слайд(құстар үні естіліп тұрады) 2мин

ә)Суреттер тарату арқылы 3 топқа бөлу  (су құстары, жыртқыш құстар, ұшпайтын құстар) 2мин

 

ІІ.Жаңа сабақ

Әр топ оқушылары өздігінен  ертегіні түсініп оқиды. 3мин

«Кубизм» әдісі 15мин

1-топ-Әңгімелеңіз: Ертегіні рөлге бөліп ойнау

2-топ-Талқылаңыз: Флипчартпен   жұмыс (кластер)

 

ІІІ Сергіту сәті 1мин

Торғай, торғай , торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын, тойып ал.

Сонда аязға тоңбайсың.

 

ІҮ Жұппен жұмыс 5мин

Тірек сөздер бойынша «Құс ұясы» тақырыбына әңгіме құрастыру

(құс, көктем,балапан,ұя, адамға пайдасы бар)

Ү Жеке жұмыс

Суретті сөйлету 8мин

(қарлығаш, ағаш, ұя,шелек,көкек,сауысқан)

 

Ү Қорытынды : Ойтолғау топтық жұмыс 8 мин

Басты кейіпкерлерМекендейдіПайдасыҚасиеттері қандай ?
Сауысқан   
Көкек   

 

ҮІ Үйге тапсырма1мин

1.Еңбек  туралы мақал — мәтелдер жазу (5)

2.Дәптеріңе  «Емші еңбек» атты  мысал жазу

ҮІ Бағалау2мин

Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың жиынтық бағасын қою  Кері байланыс. (стикерлерге не ұнады, не ұнамады ).