Сөз таптары ( қайталау сабағы)

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)
Мақсаты:
Білімділік: Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңкйту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр — малар, жұмбақтар шешкізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Қазақ тілі — Атаң, анаң
Қуат алар Отан содан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін
Тілің ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін, — деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен.
— Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір — қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр — сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы.
Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу.
І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас.
ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің — арты игі.
ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар.
ІІ. Негізгі бөлім
І кезең «Ой қозғау»
1 — тапсырма. Кім жылдам?
Жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.
Жұмбақ.
Білесіңдер кім? не? сұрағын
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен кркеейемін, толамын.
Жауабы: Зат есім.
2 — ші тапсырма
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Зат есім сұрақтарын толық — тырып жауап бер және мы — сал келтір Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымын білдіретін сөз ойлау.
Ол қай сөз табы? Зат есімдерді не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерімен байланыстыр.
Ол қай сөз табы?
Кімдер? Кімнің?
Нелер? Ненің?
Кімге?
Неге?
Кімім? Кімді?
Нем? Нені?
Кімде?
Неде?
Білімді оқушылар.
Ұзын сызғыш.
Гүлжан оқыды
Оқушы оқыды
Мен ән айттым

3 — тапсырма: «Ойлан, тап»
А) Конвертте жұмбақ берілген. Жұмбақтың шешуін табу, мағынасын аша отырып дәлелдеу
Ә) Әр түрлі тапсырма.
Б) Дәптермен жұмыс
Мен шегінсем, шегініп
Мен керілсем, керіліп
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақта.
Ол не?
1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.
2) Шешуін сөз құрамына талда. Қиналмай, тауларды, орманды
Теңізді, дария топтарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты.
Ол не?
1. 1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.
2. Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап. Көктемде көгереді,
Жазда жайқалады.
Күзде сарғаяды,
Қыста тамырлайды.
1. «Өсімдік» сөзін 3 — ші жақта тәуелдеп, септе
4 — тапсырма «Мақал — сөздің мәйегі»
— Сан есім кездесетін 3 мақал айт
5 — тапсырма « Ұйқасын тап»- өлең құрастыру.
Дәптермен жұмыс.
Берілген тақтадағы сұрақтар бойынша 1) сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдау, әр сөйлем мүшесінің қай сөз табынан екенін ажыратқызу
Кім? Қандай? Нені? Не істеді?
Айгүл қызық кітапты оқып бітірді.
6 — тапсырма «Ой толғау»
Әдебиеттік оқу пәнінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген.
1) Өлең кімнің өлеңі
2) Ретімен жазуға тапсырма беріледі
Қорытынды.
Тест жұмысы (жалпы 6 тест сұрағының әрбірі дайын слайд түрінде көрсетіліп, жауабы сигналдық карточкадағы әріптік белгіні оқушылардың көтеруі арқылы олардың алған білімдері тексеріледі).
Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма