Сөз таптары

Қазақ  тілі   2сынып

Сабақтың  тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:а) Сөз таптары туралы түсінік беру

ә) Сөз таптарының ерекшеліктерін меңгерте

отырып,өздік жұмыс істеуге және топпен жұмыс

жасай білуге  баулу.

б)Оқушыларды іздемпаздыққа,тапқырлыққа,сауат-

тылыққа,ұйымшылдыққа  тәрбиелеп,сөйлеу

мәдениетін  меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,сөздер ,үлестірмелер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен  жұмыс, жаттығулар-

ды  талапқа сай талдау, тіл дамыту,топтастыру,ой қозғау.

Сабақтың барысы:  I.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыларды  қазақ тілі сабағына дайындау

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім!

-Міне,балалар,кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың  тілі –туған тіліміз- қазақ  тілі сабағы.

II.Өткен сабақты пысықтау

-Жазба жұмысы (дәптерлерін тарқату,бағаларын журналға қою)

-Ал,енді балалар «Аққала»ойынын ойнайық.

(Ойын шартымен таныстыру)Үлестірмелердегі сұрақтарға жауап беру арқылы «Аққаланы» жасау,құрастырып болған соң өткен тақырыптың аты шығады. « Қосымша»

III.Мақсат қою кезеңі:Сөз таптары

-Сыныпты 3  қатар бойынша топқа бөлу

I  — топ  «Жігер»            Ұраны: « Жігерлі жасымас»

II – топ  «Әділ»             Ұраны: «Әділ  істің –арты игі»

III – топ  «Білгіштер»   Ұраны: « Білемін деп мақтанба,

                                                        сенен де білгіш табылар»

  1. Жаңа сабақ

-Оқулықпен жұмыс .Дәптермен жұмыс,күн ретін жазу.

-Топтық тапсырма

312- жаттығу.Сөздерді  оқып,оларға сұрақ қою.

Заттың атын,қимылын, сынын,санын білдіретін сөздерді тиісті   сұрақтардың астына жазу.

 

I –топ. Кім?Не? сұрағы қандай сөздерге қойылады.Осы сұраққа

жауап  беретін  сөздерді  жазу.

Ата, жазушы,адам,күн, үй

II – топ.  Не істеді?сұрағы   қандай  сөздерге  қойылады?Сөздер

ішінен осы  сұраққа  жауап беретін сөздерді жазу.

Жазды, шықты,келді

III – топ. Қандай?Қанша?сұрақтары  қандай  сөздерге  қойылады.

Сөздердің ішінен осы сұраққатарға  жауап беретін сөздерді

жазу.

Көк,ақ,үлкен.Екі,отыз,қырық

-Ережемен таныстыру,түсіндіру,талдау.

  Сөздер  мағынасына  қарай  бірнеше  сөз таптарына  бөлінеді.

  Зат есім,етістік,сын есім, сан есім- сөз таптары.

313-жаттығу

-Жұмбақты   оқып, жатқа жазу,шешуін табу. (таға)

I – топ   Заттың сынын  білдіретін сөзді табу (торы)

II – топ  Заттың  санын  білдіретін  сөзді  табу (төрт )

III – топ  Заттың атын  білдіретін сөзді табу ( тай,ай,таға )

-Сергіту сәті  «Табиғат»

Күндей  болып күлеміз

Гүлдей  болып өсеміз

Құстай болып ұшамыз

Көбелектей  қонамыз

315-жаттығу

I – топ Үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін

сөздерді  тауып жазу.Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелдеу.

……….дәптер,………..қалам,…………сызғыш.

II – топ  Бірінші  бағандағы көп нүктенің орнына заттың  сынын  білдіре-

тін сөздерді жазу.  Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.

……….бояу,………..үй,……….ауа.

III – топ Екінші бағандағы көп нүктенің  орнына  заттың қимылын  білді-

ретін  сөздерді  тауып  жазу.

Сиыр ………,қар……….,құс………

V.Сабақты  бекіту

314-жаттығу.Ребусты  шешу,шешуіндегі  сөзге  сөйлем  құра.

-Бүгінгі  сабақта не  өттік?-Сөз  таптарын  атау.

VI.Үйге  тапсырма  беру, бағалау.

316-жаттығу «Байқоңыр –ғарыш айлағы» тақырыбына  мәтін  құра.

 

.