Наурыз мерекесі ертеңгілік

 


Мақсаты:  Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер, ойындар, тағамдар,  бата туралы  мағлұмат беру. Балалардың ой — өрісін, сөздік қорларын дамыту, ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:
— Құрметті ата — аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз-думан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін ! 

Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Жаңа жыл, жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары                                                                                                                                                                                                                                                 Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйлейді.

Тәрбиеші:                                                                                                                                            — Наурыз — ән — күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері бір — біріне қошемет көрсетіп, тартуын таратады. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Осы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ, наурыз тілек, сияқты жөн — жоралғылар бар.
Наурыз жөн — жоралғылары жөнінде қысқаша балаларға түсінік беріп өтеді.
1 – ата-ана: Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы болып саналады.
2 – ата-ана: Наурыз тойында – үлкен болсын, кіші болсын мейрамға келіп, көңілді ойын – сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады.

 

3 – ата-ана: Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжеге сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы басқа тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.

4 – ата-ана: Наурыз көк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш келгенде «Наурыз көгім келдің бе?» — деп шақырып, жем шашады.

5 – ата-ана: Халықта батаның түрлері көп, соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.

— Рахмет, сіздерге ата-аналар!                                                                                                     — Бүгінгі наурыз тойында әжелеріміз   бесікке салу рәсімін көрсетеді, бәріміз тамашалайық.
Ән:  «Бесік жыры»

Ән: «Қазақ дәстүрлері»  орындайтын  ата-ана Ләззат  Бақтыгерейқызы.

— Рахмет, сіздерге әжелер!                                                                                                                   — Әжелеріміз  тұсау кесу   рәсімін көрсетеді, бәріміз тамашалайық.
Ән:  «Қаз-қаз балам, қаз балам».

— Енді қазақтың ұлттық ойындарына кезек берейік.
Ойын: «Күш сынаспақ».
— Қанекей, балалар, ақ дастарханға отырайық.                                                              
Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» ақ отауына шақырамыз!!!
Наурыз дастарханынан дәм татыңыздар…

Хор:       Ән: «Қазақтың дастарханы»

 

 

 

 

Ата-аналар дастарханнан наурыз көжемен, бауырсақтан дәм татып, дастарханға бата берді.                                                                                                        Бүгінгі наурыз  тойға келгендерден бата сұрайық.
Бата беру.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Құт әкелсін жеріме
Бейбітшілік елде боп,
Бақ — дәулет қонсын еліме.
Балалар ақылды болып,
Елін — жерін қорғасын
Әумин!!!

Тәрбиеші:                                                                                                                                                      Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен думанымыз аяқталды, — деп бүгінгі  «Наурыз-думан» ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймын. Алтын уақыттарыңызды бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға  рахмет!