«Тауықпен тары» Ә. Табылдиев

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тауықпен тары»Ә. Табылдиев

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды оқылған шығарманы  зейін  қойып тыңдай білу, оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыра отырып,ырғақ сезімін дамыту.Балалардың белсенді сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық: Балалардың  тәрбиешіге қосылып өлеңді қайталай білу  қабілеттерін дамыту.Белсенді қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды  еңбексүйгіштікке,достыққа  тәрбиелеу.Үй құстарына қамқор болуға ,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер,ойыншық тауық,қимылды ойынға арналған атрибуттар,бейне сюжеттер.

Әдіс-тәсілдер: Мәнерлеп оқу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көркем сөз оқу:      Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

-Балалар назарларын суретке аудара отырып,қазір жылдың қай мезгілі екенін,оның ерекшеліктерін әңгімелету.

-Балалар менің қолымда сиқырлы қорапша  бар,оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Қорапша ішінен ойыншық тауықты шығарады.

-Балалар мынау не?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл үй құстарының бірі  тауық.Балалар тауықтың  түсі сары-қызыл,оның денесі,басы,аяқтары,көздері,тұмсығы бар.Тауық біздерге жұмыртқа  береді,оның кішкентей балапандары болады.Тауық қыт,қыт,қыт деп дыбыстайды.Тауық тары,бидай жейді,су ішеді.

-Балалар бүгін мен сендерге «Тауықпен тары » деген  өлең оқып берейін.

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтегесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр, тоқылдап.

-Балалар,тауық не істеген екен?(Тары жинапты. )

-Жинаған  тарысын не істеген?(Оны ешкімге қимапты. )

-Қыс мезгілінде тауықтың қарыны ашқан кезде,не іздеген ?(Тары іздепті. )

-Тауықтың істегені дұрыс па?(Дұрыс емес. )

Қимылды ойын: «Балапандар»

Мақсаты:Балаларды  ширақ қозғалу іскерліктерін,белсенділіктерін жетілдіру.

Тәрбиешінің көрсеткен қимыл-қозғалыстарын қайталай білуге үйрету.

Қорытынды:

— Балалар  өлеңде не туралы айтылған?(Тауық пен тары туралы. )

-Тауықтың дене мүшелерін атап беріңдерші.(Басы, қанаты, тұмсығы,көзі. )

-Тауық не жейді екен?(Тары жейді. )

-Тауық  тары жинадыма жоқпа? (Жинаған жоқ. )

(Тәрбиеші балалармен «Балапан» биін билейді.)

«Балапандар» биі.