«Тіс күтімі-денсаулық кепілі»

 

 

Тақырыбы: «Тіс күтімі-денсаулық кепілі»

Мақсаты: Балаларды тістің құрылысымен, қызметімен таныстыру, тісті күту ережелерін үйрету, өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.

Ұйымдастыорылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Көрнекілігі: Тіс макеті, тіс щеткасы, тіс пасталары, жемістер суреті

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

Психологиялық сәт.

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

 

Денсаулықты сақтауды,

Тазалықты жақтауды

Тісімізді күтуді,

Көзімізді сақтауды.

Күш жігер жинап алуды,

Үйретті бізді қандай пән?

 

-Балалар, валеология денсаулық туралы ғылым,

Балаларды көңілді, дені сау және ақкөңіл болып өсуге баулиды.

Бастысы-ол ауырмай өмір сүруді үйретеді.

Балалар валеологиядан не үйрендік?

Күтпеген кезен

Есік қағылады.

-Сәлеметсіздерме, балалар.

Балалар, бізге қонаққа кім келді.

Дәрігер:

Балалар, мен сендердің тістеріңді қарайын деп келдім. Балалар, бір-бірлеріңе қарап күлімдеңдер.

Күлкілерің қандай тамаша

«Тіс күлкіге сән берер» деген тістерің әдемі болса бет ажарларында, күлкілерінде әдемі болады.

 

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.      Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай?

2.      Аузы бүрме қызыл қалта,

Ішінде бар отыз екі тіс малта?

Үлкен адамдарда отыз екі тіс болады.

Тістердің көмегімен тамақ шайналады.

Тамақ ауызда сілекеймен шыланып, тіс арқылы ұсақталады.

Балаларда алғашында сүт тістер шығады. 10 жасқа келгенге дейін сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өседі.

Отыз екі тісті сақтау үшін күніне екі рет тазалау керек.

Сендер сүт ішесіңдер ме?

Сүт ішсеңдер тістерің мықты болады.

Сәбіз жегендерің дұрыс темір, «В,С» дәрумендері көп болады.

Тәрбиеші сурет арқылы тісті қалай тазалауын түсіндіреді.

Ойын «Жарнама»

Балалар тіс жуатын пасталарды, тіс щеткаларын мақтап, жарнамалайды, олардың неге қажет екенін айтады.

Тәрбиеші:

Тісті күтуге байланысты ережелерімен танысайық.

Тісті күніге екі рет тазалау керек.

Тамақтан киін ауызды шаю

Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішсе.

Жаңғақты тісінмен шақпа.

Тәттіні көп қолданба

Дер кезінде  тіс дәрігеріне көрін.

Әркімнің өзінің деке тіс щеткасы болсын.

Ойын: «Пайдалы дәрумендер»

Мақсаты:Ойын арқылы тіске пайдалы дәруменді ажырату.

Дәрігер балаларға  тіс жаттығулар орындауды ұсынады.

Тістің сыртқы жоғары жағын тазалау.

Тіс щеткасын қызыл ет бойымен (жоғары-төмен) қозғалту.

Сергіту сәті;

Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап.

Қолды жуып сабындап,

Орамалы қалтада.

Үсті-басы тап таза,

Міне үлкен азамат.

Ойын:Өз щеткасын тауып бояу.

Санға сәйкес өз щеткасын табу.

Дәрігер Салауат тістері сау балаларға «Маржан тіс» сертификатын береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:Тісті күтуге байланысты ережелермен танысып білді.

Түсінеді: Тіске пайдалы дәрумендерді түсініп атайды.

Қолданылады: Өз тіс щеткаларын пайдаланып, тістеріне жуа біледі.

 

 

 

 

Қонақтармен амандасады

 

 

 

 

 

 

Валеология пәні

 

 

 

Жеке бас тазалығын сақтауды, күн ережесін (тамақтану, ойын дене жаттығуларын үйрендік)

Дәрігер Салауат келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Тіс)

 

(Тіс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә сүт ішеміз

 

 

 

Балалар тісті сурет бойынша әңгімелейді.

Мен «Балапан» тіс пастасымын. Мен тісті өте жақсы тазалаймын, менімен тістеріңді күніне екі рет  тазалап жуыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өзіне ұнаған түспен тіс щеткасын бояйды.