Ауа. Ауаның қасиеті.

Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті.

Мақсаты:

Білімділік: Ауа туралы ұғым беру.Ауаның құрамы және қасиетін меңгерту.Ауаның адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Тәрбиелік: Тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

Түрі: Жаңа сабақты игерту

Әдісі:  түсіндіру ,топтастыру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайдтар, дидактикалық материалдар,балауыздар,шар.

 Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды  түгелдеп, назарын сабаққа аудару.

-Ал , балалар , бүгін  бізге құрметті қонақтарымыз келіп отыр.Қазақ  халқы өте қонақжай  халық.Демек,бізде өз қонақжайлығымызды көрсетуіміз керек.Қалай көрсетеміз?

-Ұйымшылдықпен, тәртіппен,біліммен көрсетеміз.

Психологиялық дайындық.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін үйреткен,

Дүниетану сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тақырып бойынша сұрақтарға дайындалу.

Сұрақтар (экранға шығару)

ІІІ.Білімді тексеру:

  1. Дене дегеніміз не?
  2. Денелер нешеге бөлінеді?
  3. Табиғи денелерге не жатады?
  4. Жасанды денелерді ата?
  5. Табиғи денелер нешеге бөлінеді?
  6. Өлі тірі денелердің айырмашылығы неде?
  7. Заттар неден тұрады?
  8. Табиғат құбылыстары дегеніміз не, оларға тән ерекшеліктер?

ІV.Мақсат қою:

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

V.Жаңа сабақ.

Тірі табиғатқа қажетті заттар: ауа,су, жарық,қоректік заттар.

Ауа –адамның,жануарлардың,өсімдіктердің тіршілік ететін ортасы.Жан жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір, және түссіз.

Ауаның тағы бір қасиеті- жылуды нашар өткізеді. Оған дәлел: аңдардың жүнінің ,құстардың мамығының арасында  да, ауа бар,сондықтанда олар суықтан тоңбайды.Сендер далада жүрсеңдерде,үйге кірсеңдерде, тіпті ұшақпен аспанға көтерілсеңдерде  ауа қоршауынан босамайсыңдар.Себебі ауа қабаты бізді қоршап тұрады.Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Адам әрекеті  тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді.Күн сайын өндірісті қалаларда ауа көп ластанады.Фабрика, зауыт,жылу орталықтарынан шыққан қара,көк түтіндер олар ауамен адам денесіне сіңеді.Ауаға улы затты жібермеу адамзаттың парызы.

Оқулықпен тізбектеп оқытамын.

Сарамандық жұмыс.

1-тәжірибе.

1.Аузыңды жауып,танауыңды қысып сана.

Тұншығасың саған не қажет ?

Ауа.

2.Ыстықтап терледің .Желпіндің

Не сездің ?

-Ауа.

2-тәжірибе.

3.Шарды  торситып үрлейміз,ішіне не толды?

-Ауа.

Ауа орын алды ,шарға ауа қайдан келді.

Денемізден.

3-тәжірибе.

Жіңішке балауыз шырағданның біреуін алып тең етіп үшке бөліп,әрқайсысын жағып,үстел үстіне қой.Оның біреуін стақанмен, екіншісін үлкен шыны банкамен,үшіншісін ашық қалдыр.Алдымен қай шырағдан сөнер екен.

Байқа.

Дәптермен жұмыс.

Ауаның қасиетіАуаның ластануыАуаның

құрамы

Мөлдір,түссіз, иіссіз,жылуды нашар өткізеді.Өнеркәсіп орындарынан шыққан түтіннен, машинаның түтінінен,өсімдіктермен жануарлардың қалдықтарынан,түрлі қоқыстардың исінен ластанады.Оттегі,газ,

көмірқышқыл газы

 

Сергіту сәті

2-тапсырма.

Жеке жұмыс.Ауа туралы түсінгендерін бір сөйлемнен жазып шығу.

Бекіту кезеңі.

1.Ауа қалай ластанады?

2.Ауаның қандай қасиеттері бар?

3.Ауа тазалығын сақтау үшін қандай іс-шаралар жасау керек ?

Қорытынды.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?

Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

Үйге тапсырма.

Ауа.Ауаның қасиеті.

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы

№ 98  орта мектебінің  Бастауыш сынып мұғалімі

Боранқұлова  Молдір  Смағұлқызы