әріптесіне доп беру
Тақырыбы: әріптесіне доп беру
Сабақтың мақсаты: оқушылардың баскетбол ойынына қызығушылығын
арттыру, қозғалыста допты қағып алуды үйрету.
- Ептілік, төзімділік қабілеттерін дамыту;
Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқаулар | |
Дайындық бөлімі | |||
І | Сынып оқушыларын сапқа тұрғызу,мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Орнындағы бұрылыстар. Жалпы дамыту жаттығулары қозғалыста. Спорт залды айнала жүру екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру -Екі қол белде өкшемен жүру, -Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы жағымен жүру, орташа боймен жүру. Жеңіл жүгіріс: Залды айнала жеңіл жүгіріспен жүгіру -Қолды алға айналдыру -Қолды артқа айналдыру Тізені кезек-кезек жоғары көтеріп жүгіру Отырып жүру ортаға дейін Жылдам жүгіру Жәй жүру Жалпы дамыту жатығулары орнында Б.қ. аяқ иық мөлшерінде , қол белде 1-2 – басты оңға, 3-4 солға айналдыру; Б.қ. иық мөлшерінде, қол иықта 1-4 –иықты алға, 1-4 артқа айналдыру Б.қ. екі қолды қайшылау Б.қ. қол белде белді айналдыру Б.қ орнымыздан отырып тұру Орнында адымдау | 15*
4-5рет 4-5рет 4-5рет 4-5рет 4-5рет
| Оқушылардың спорттық киімін тексеру Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Жаттығуды сол аяқпен бастау
Арақашықтықты сақтау,денені тік ұстау
Алаңды толық пайдалану
Еркін жүгіру
Жаттығу орындағанда, қатарда келе жатқанда бір- бірін итермей, соқпай, шалмай жүру және жүгіру
Орнында жаттығу жасағанда дұрыс сапалы жасау
|
ІІ | Негізгі бөлім | 25* | |
| Әріптесіне доп беру – ойындағы командалас ойыншымен өзара әрекет етуді қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Доп беруге үйрету кеудеден қос қолдап немесе иықтан бір қолмен беру тәсілін үйретудене басталады. Топқа бөлініп баскетбол ойнау. | Жаттығу жасағанда әр жаттығудың нәтижесіне жету.Мұғалімнің командасын дұрыс пайдалану. Осы жаттығу жылдамдықты жетілдіреді. | |
ІІІ | Қорытынды бөлім | 5* | |
Сынып оқушыларын сапқа тұрғызып, бағалау және қателерін айту. Үздік оқушыларды анықтау. | Сынып оқушыларын сапқа тұрғызып, журнал арқылы күнделіктеріне баға қою. |