Етістік

3 сынып

Қазақ тілі  10.03.15

Сабақтың  тақырыбы: Етістік .

Сабақтың  мақсаты: Білімділік:Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу;

Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік: Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық,кесте,мазмұнды суреттер

Сабақтың  түрі:қайталау сабағы

Сабақтың типі:пысықтау,алған білімдерін меңгерту

Сабақтың  әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдіс-тәсілдері

(ой шақыру,топтастыру, «Сематикалық карта») топпен жұмыс.
Сабақтың  барысы:  І-Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларға ойын ойнату.

(Парақ тарқатып беру,оны екі бүктеп,бір жағына өз бойларындағы жақсы қасиеттерді,ал екінші жағына өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерін жаздырту.Бүктелген қағазды ортасынан бөліп,жағымсыз қасиеттері жазылған бетті умаждап қоқыс қорабына тастату)

–Ал,балалар бүгінгі сабағымызды жағымды қасиетпен,жақсы көңіл- күйде жалғастырайық.Оқушыларды топқа бөлу.Кімге қандай түс ұнайды?

Жасыл түс-Болымды,Сары түс-болымсыз,қызыл түс-етістік.

(Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады.)

I- топ.Болымды (жасыл)

II-топ.Болымсыз(сары)

III-топ.Етістік(қызыл)
ІІ  Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
38 жаттығу.
1 — топ: Мәтінді көшіріп жазып,етістікті табу

(төгіп-шашпайды,есептейді,төгілгені,азаяды,кетеді,төгілген,баспайды)
2топ:Мәтінді көшіріп жазып,болымды етістіктерді табу
3 — топ: Мәтінді көшіріп жазып,болымсыз етістікті табу(шашпайды,баспайды)
III Ойын «Аялдама»  Қызығушылығын арттыру «Ой қозғау»

1-топ.ЕТІСТІК дегеніміз не? Сұрақтары қандай?Мысалдар келтір.

2-топ.Болымды және болымсыз етістік  дегеніміз не?Мысалдар келтір

3-топ.Етістіктің түрлерін ата?Негізгі және туынды етістік дегеніміз не? Мысалдар келтір
IҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.-Балалар,күннің ретін жазыңдар.

1-топ. 49-жаттығу.Жұмбақтың шешуін табу.Жұмбақты көшіріп жазып,болымсыз етістіктердің астын сызу.

 

Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

Кейде сипап өтер,Кейде ұйпап кетер (жел)

2-топ.Тақтамен жұмыс. 50-жаттығу Берілген етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру, көшіріп жазу:  бар-барма, кел-келме, кес-кеспе, аш-ашпа, жон-жонба, үз-үзбе

3-топ. 51-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазу.

Болымсыз етістіктердің астын сыз.Өзіңді зор тұтпа,  өзгені қор тұтпа.

Еңбек етпесең,елге өкпелеме,    Егін екпесең,жерге өкпелеме.

Ү. Сабақты бекіту.  52-жаттығу. Суретке мұқият қарау.Сұрақтармен жұмыс:

  1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? 2. Аналарына неліктен сыйлық жасады? Тапсырмаларды орындау:мәтіндегі етістіктерді ата.

(5 минут)Сөздік қорларын  анықтау.(Мотрицаға жазу)

54-жаттығу.Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады (5+30)

Малыңа сүйенбе,арыңа сүйен.

55-жатттығу.Батаны жаттап алу (5+30)

Симатикалық картамен жұмыс 

Етістік

түрлері

көзжазіскербұзба
Негізгі    
Туынды    
Болымды    
Болымсыз    

-Бүгінгі  сабақты қорытындылау

 

Белсенді болдыҚызық болды
  

ҮІ. Үйге тапсырма,бағалау: 53-жаттығу. 179- бет.