Әйелдің жаны — сірі жан

 

 

Әйелдің жаны — сірі жан

Біледі қанша ер адам,

Әйелдің ішкі сырынан

Нәзіктік кілті өзіңде,

Әйелдің жаны-сірі жан.

Айнымас адал жар болу,

Әйелдің тура қолында.

Сүйгенін күтіп зарығу,

Ұйқысыз өткен таңында.

Сәбиін күтіп түн бойы,

Айрылар ару сынынан

Ойы да тұрар оқ бойы,

Әйелдің жаны- сірі жан.

Ас үйде жүрер күйбеңмен,

Кезі жоқ тыным таппаған.

От пенен суға үйренген,

Әйелдің жаны – сірі жан.

Ауырлық жүгін көтерген,

Сүтіңді қалай өтермін.

Ақылмен шештің бар істі,

Әнімді арнап кетермін.

 

 

Бөлісу
Алдыңғы мақалаКөктем лебі
Келесі мақалаЗат есім