Жазғы спорт Олимпиадасы Толағай отбасы.

 

 

Жазғы спорт Олимпиадасы Толағай  отбасы.

 

Мақсаты:

Қазіргі заман талабына сай салауатты отбасын,  балабақшамен  қарым қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту. Ата -ана рөлін ерекшелендіру,жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу,дағдыландыру. Бірін — бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке ,жан-жақты болуға  қызықтыру ,тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,құрметті ата-аналар,сүйікті бүлдіршіндер!.

Мықты да тату-тәтті,ұйымшыл,алғыр,шапшаң жанұяны анықтайтын

«Толағай отбасы» спорт Олимпиадасы ойынына  қош келдіңіздер !

Өнердің нәр береді шапағаты

Әркімнің ойынға  бар махаббаты

Талпынып ойнауға  келді   міне,

Ойыншыларға қошеметтеп қол соғайық.

Тәрбиеші:

Құрметті балалар  шаттық шеңберіне тұрайықшы:

Менің  атам   бар,

Менің  әжем  бар,

Менің   әкем  бар,

Менің  анам бар,

Ал  оларда мен  бармын !

Тәрбиеші:кәне ата-аналар ортағы шығайықшы.

Ата-аналар  ортаға ойын алаңына тұрады,ата-аналардың қолдарына жұлдызшалар беріледі.

Берілген жұлдыздың артында  сайыскерлердің реттік саны белгіленген.

Ата-аналар жұлдызша арқылы  өздеріңіздің  реттік сандарын айтады.

Тәрбиеші:

Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр,ойланып жауап беріңдерші.

Балалар  сендер қандай спорттық ойындарды білесіңдер?

Қимылды ойындарды атап беріңдерші?

Тақия тастамақ ойыны қандай өлең жолдарынан басталатын еді?

Бақа-бақа ойынын өлең жолдарымен ,қимылымен  жасап жіберейікші,

Осы ойынды ата-аналар сіздерде бізбен бірге жасаңыздар.

Балалар: сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Тәрбиеші тәрбиелеп баланы,

Бала болып ойлайды- ата-аналар енді сіздермен ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ата-аналар кәне ойынға кірісеміз,балалық шақтарыңызды еске түсіріп,көтеріңкі көңіл-күймен ойнайық.

1-ойын.Кедергіден өту кеглидің  арасынан жыланша жоргалап жүріп өту.
Ойынның  шарты: жылдам кеглиді  құлатпай  арасынан еркін өтіп  жеңіске жету.

2-ойын. Итеріспек.

Ойынның шарты:күштілікке,ептілікке ойын кезінде бірін-бірі түсініп ойнауға баулу.

Итеріп , бірін-бірін шеңберден итеріп шығарып жіберуге талпыну.

3-ойын.Кеглиді құлат.

Ойынның шарты:дұрыс орындалуын бақылау,ойын кезінде байқампаз болуға баулу.

Допты жермен домалатып лақтырып,кеглиді құлату керек,кім кеглиді көп құлатса,сол ұпайды көп жинайды.

4-ойын.Допты түсірме.

Ойынның шарты:допты екі аяқтың арасына қысып, белгіге дейін түсірмей жүгіріп жету.
Қорытынды:

Ата-аналар сіздерге көп-көп рахмет, қараңыздаршы балаларыңыз сіздерге қандай риза болып тұр,жүздерінде қуаныш,көңіл бөліп келгендеріңізге,өздеріңіздеріңіздіңалғыр екендеріңізді көрсеттіңіздер,балалар көрдіңдермен ата-аналарың қандай керемет,

сендердің көңілдеріңнен шықтыма әке-аналарыңның ойнағаны ұнады ма?

Балалар:Әрине.

Тәрбиеші:

Олай болса ата-аналарыңыз  үнемі аман-есен болып,қастарыңызда жүре берсін,сендердің қуаныштарыңды көре берсін,аспандарыңыз ашық болсын.
Ән:

«Әрқашан  күн сөнбесін».

Жүргізуші:Кері қайту

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай ойыны аяқталды.

Келесікездескенше сау-саламаттаболыңыздар!