Орта Еуропа елдері. Нидерланд

 

 

Тақырыбы:  Орта  Еуропа  елдері.  Нидерланд

 

Мақсаты:  Жаңа  сабақты  меңгерту

 

Білімділігі: Орта  Еуропа  елдеріне  жалпы  шолу  жасау  арқылы  білімділігін  арттыру

 

Тәрбиелік:  Орта  Еуропа  елдерінің  және  Нидерланд  елінің  экономикалық  —  географиялық  және  геосаяси  жағдайымен  таныстыра  отырып,  өз  отанының  өркендеп  өсуіне   үлес  қосуға  тәрбиелеу

 

Дамытушылық:  Сабақ  барысында  оқушыларға  сабақты  түсіндіре  келе  ой- өрісін  дамыту

 

Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

 

Сабақтың  әдіс- тәсілі:  түсіндіру,  сұрақ — жауап

 

Көрнекілігі:   Еуропаның  саяси  картасы, Нидерланд  өнеркәсібінің  құрылымы  сызбасы, Роттердам  портының  сызбасы,

 

Сабақтың  барысы:  І Ұйымдастыру  кезеңі

 

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды  түгендеу

б)  Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару

 

ІІ  Үй  тапсырмасын  сұрау

 

( сұрақ — жауап)

 

1.Солтүстік  Еуропа  елдері  қай  елдер?

 

  1. Елдің атаулары  бар ?

 

  1. Солтүстік еуропа аралы қандай ?

 

  1. Елдердегі халық  тығыздығы  қандай?

 

  1. Халықтың ұлттық  құрамы  қандай ?

 

  1. Өмір сүру ұзақтығы  қандай ?

 

  1. Норвегияны қалай атады?

 

  1. Солтүстік пен Оңтүстік айырмашылығы ?

 

  1. Солтүстік Еуропада адамзат  өркениетіне  үлес қосқан  кім?

 

  1. Мұз бен от  елі  деп  қай  елді  атады  себебі  не?

 

  1. Солтүстік Еуропа елдерінің  белдеулері  мен  зоналары  қандай ?

 

  1. Теңіздерінің қатпау  себептері  қандай қыс  айларында?

 

  1. Діні мен байлықтары қандай?

 

  1. Солтүстік Еуропаның  арал  архипелагы.

 

  1. Химиялық держава  елі қай  ел ?

 

  1. Францияда жүзімдіктердің  неше  түрі  өсіріледі?

 

17 Коньяк  пен  шомпань  қай  елдің  провинциясы?

 

18   Францияның нәзік  химия  саласы  қандай?

 

  1. Францияның жер  көлемі ?

 

20 Францияның  ұлттық  құрамы  қандай?

 

ІІІ  Жаңа  сабақ:  Орта  Еуропа  елдер.  Нидерланд

 

  1. Мелекеттік  құрылымы  мен  геосаяси  жағдайы
  2.  Табиғаты  мен  халқы
  3. Шаруашылыығы
  4. Көлік  жүйесі.  Сыртқы  байланыстары

Мелекеттік  құрылымы  мен  геосаяси  жағдайы

 

Орта  Еуропа   мемлекеттері  Батыс  еуропаның  жоғары  дамыған  елдерімен  көршілес  орналасқан  және  экономикасы  солармен  тығыз  байланысқан.  Бұл  топтағы  елдер  арасында  айрықша  көзге  түсетін  елдің  бірі – Нидерланд.

Солтүстік  теңіз  жағалауында  Рейн,  Масс  және  Шельда  өзендерінің  құяр  сағасында  орналасқан  шағын  мемлекет.

Кішігірім  ел  болуына  қарамастан,  Нидерланд  —  халықаралық  деңгейде  және  Еуропадағы  саяси  ақуалға  өзіндік  әсерін  тигізетін  мемлекет.

Жерінің  ауданы – 41, 2 мың км2

Халқы – 16,6 млн  адам

Астанасы  —   Амстердам

Мемлекеттік  құрылымы —  конституциялық  монархия

Мемлекет  басшысы – королева

Үкімет  басшысы – премьер  министр

Заң  шығарушы  органы —  парламент

Мелекеттік  тілі  —  нидерланд  тілі

Ақша  бірлігі – еуро

 

Табиғаты  мен  халқы

 

Ел  атауына  сәйкес,  жер  бедері  ойпатты  келеді. Нидерланд  елінің 10 % — ға  жуығы  көлдер  мен  өзендер  алып  жатыр   аумағының 40%  теңіз  деңгейінен  төмен  жатыр.Нидерланд  жерінде  де  теңіздік  климат  қалыптасқан.  Жыл  бойы  жауын- шашын  мол  түседі. Мұндай  климат  мал  азықтарына  қолайлы.  Ел аумағында   халық  өте  тығыз  орналасқан,  бұл  көрсеткіш  1км2 жерге  400 адамнан ергежейлі  мемлекеттерді  есептемегенде,  дүниежүзінде  Бангладш, Корея  Республикасынан  кейінгі  үшінші  орынды  алады. Халықтың  66% -ы қалаларда  тұрады.

Елде  халық  саны 100 мыңнан  асатын 17 ірі  қала  бар Олардың  ең  ірілері  — Амстердам, Роттердам,  Гаага.

Халықтың  табиғи  өсуі  жыл  сайын  азайып  келеді,  оның  мөлшері 2009 жылы  3 промилге  тең  болды. Өмір  сүру  ұзақтығы  ерлерде  78 жас  әйелдерде  82 жас.  Елдің  діні  христиан  дінінің   котоликтер -32%, протестанттар  22%.

Еңбек  нарығында  өндірістік  емес  салада  жұмыс  істйтіндер  саны  басым   67%  өнеркәсіпте  28%   ауыл  шаруашылығымен  аблық  аулау  халықтың  5 %  ғана  айналысады.

 

Шаруашылығы

 

Нидерланд  экономикасының  даму  деңгейі  жоғары  ел  ретінде  батыстың  күшті  дамыған  он  елінің  қатарына  енеді.  Халқы  ЕО  халқының  4, 5% — ын  ғана құрағанымен,  ЕО  өндіретін  жалпы өнімнің  5,2 % — ын  ғана  береді. Ел  экономикасында  күрделі  қаржыны  сыртқа  шығару,  сыртқы  сауда мен  теңіз  көлігі  айрықша  дамыған. Нидерланд   экономикасындағы   үш  алып  концерн  «Ройял Датч — Шелл»,  «Юнилевр»,  « Филипс»    дүние  жүзіндегі   аса  ірі   30  компания  қатарына  кіреді.

Өнеркәсіп  ұлттық  жиынтық  өнімнің  26 % — ға  жуығын  береді.  Өнеркәсіптегі  жоғары  технология  салаларының  үлесі  жөнінен  Нидерланд  дүние  жүзінде  Жапониядан  кейінгі  екінші  орында  тұрады.

Химия  өнеркәсібі  жалпы  өнеркәсіп  өнімінің  15 % — ын  береді.  Бұл  саланың  350  компаниясында  90 мың  жұмысшы  істейді. Тыңайтқыштар  мен  фармацептика  шикізатын  өндіру,  дәрі – дәрмек,  бояулар  мен  сабын,  пластмассалар  өндірісін құрайды. Химия  өнеркәсібі  50 мыңнан аса өнім  түрін  шығарады.  Өнімнің  ¾-і  экспортқа  шығарылады.

 

Машина  жасау  өнеркәсібі  негізінен,  орташа  немесе  шағын  машиналарды  жасауға  маманданған. Әсіресе  мұнай  химиясы  мен  тоқыма,  полиграфия  целлюлоза – қағаз, тамақ өнеркәсібіне  қажетті жабдықтар  шығарумен  айналысады.

Нидерланд  ауыл  шаруашылығы  жоғары  өнімділігімен  әйгілі.  Оның  өнімдерінің

60 %- ы  сыртқа  шығарылады.   Ауыл  шаруашылығының  басты  салалары – көкөніс  және  жеміс – жидек  өсіру   сүтті —  етті  бағыттағы  мал  шаруашылық,  құс өсіру.  Гүл  шаруашылығы  елдің  халықаралық  дәрежеде  маманданған  саласы  болып  табылады. Қазір  дүние  жүзінің  барлық  елінен  голландық  раушангулдер мен хризантеманы  кездестіреміз.  Нидерланд  бидай  түсімі  бойынша  79ц / 1га  дүние  жүзінде  бірінші  орын.

Мал  шаруашылығы, негізінен,  сүтті  сиыр  өсіруге  маманданған. Елдің  солтүстігіндегі  Фрисландия  дүние  жүзіндегі  әйгілі  голландық  қара  ала  сиыр  тұқымы  өсіреледі. Мұнда  сиырға  арналып  орнатылған  ескерткіштің  астында

« Біздің  анамызға  сөздер»   жазылған.  Жылына  11 млн  сүт  өндіреледі,  фермерлер  барлық сүтті  өңдеу  кәсіпорындарға  өткізеді.  Нидерланд  сүт  өнімдерін  өндіретін  фирмаларының шетелдерде де  кәсіпорындар  бар.  Олардың   ең  ірісі  — Ресейде,  Қазақстан  мен  Орта  Азияда     ол «Вимм – Билль — Дан»  фирмасы.

 

Көлік  жүйесі. Сыртқы  байланыстар

 

  Елдегі  ішкі  су  көлігі  мен  теңіз  көлігі  біртұтас  жүйе  құрайды.  Әлемдегі  ең  ірі  Роттердам  портынан   өзендер  мен  каналдар  арқылы  Еуропаның  барлық  өнеркәсіп  орталықтарына  жүк  жеткізуге  болады.  Жылына Роттердам  порты  арқылы  310 млнт  жүк  тасмалданады. Бұл  порттан  өзен  кемелері  жылына 180 рейс  жасайды.  Қазіргі  кезде  тас  жолдар  желісі  де  жиі. Темір  жол  көлігінің  жолаушы  тасмалдауда  маңызы  үлкен, ал  жүк  тасмалы  жөнінен  кемуде.

 

Елде  20 әуежай бар  оның  12 – сі  халықаралық тасмалмен  айналысады. Нидерланд  тсыртқы  экономикалық  байланыстарында  ЕО  елдері  басты  орын  алады. Олардың  үлесіне ел  экспртының 73 % — ы,  импортының  56%- ы  тиесілі.  Басты  сауда  әріптесі – көршілес  орналасқан  Бельгия, Нидерланд, Люксембург  мемлекетерінің  экономикалық  одағы – Бенилюкс  құрылған.  Ел  сондай – ақ  Шенген  келісіміне  қол қойған.  Елдің  күшті  дамыған  көлік  жүйесі  халықаралық  экономикалық ынтымақтастыққа  жол  ашты.  Кеден  мен  салық  жүйесінің  жоғары   дкңгейде  болуы,  қолайлы  экономикалық  әлеуметтік  ақуал  5000- нан астам  шетел  компанияларының  Нидерландта  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.  Нидерланд  дамушы  елдерге  қайырымдылық  көмек  көрсету  жөнінен  дүние  жүзінде  Швециядан  кейінгі  екінші  орында  тұрады.

 

МелекетЖерінің  ауданыХалқы АстанасыМелекет  құрылымыМемлекеттік  тілі
Нидерланд41, 2 мың  шаршы  шақырым 16,2  млн  адам АмстердамКонституциялық  монархия Нидерланд  тілі

 

 

ІV  Жаңа  сабақты  пысықтау  кезеңі

 Сабақты  пысықтау  кезінде  оқушыларға  түсіндірілген  сабақты   пысықтау  үшін

  « Кембридж»  тәсәлі  бойынша  оқушылар  түсінгенін  параққа  жазадыжәне  қорғайды.

V Жаңа  сабақты  бекіту

 

VI  Сабақты  қорытындылау: Оқушылардың  сабаққа қатысқандарына сай  баға  қою

 

VII  Үйге  тапсырма:  Орта  Еуропа  елдері.  Нидерланд оқып  келу