Байқоңыр «Космос» колледжінің білімгерлері «Әнім сенсің — Байқоңыр» атты ретро — әндер фестиваліне қатысты.

Байқоңыр «Космос» колледжінің білімгерлері  «Әнім сенсің — Байқоңыр» атты  ретро — әндер фестиваліне қатысты.

Фестивальдің негізгі мақсаты — ретро-әндер жанрын сақтау, ретро-әндер шығармашылығына жастардың қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамға тәрбиелеу, заманауи өңдеуден өткен ретро- әндерді жаңғырту болып табылады.

Фестивальге ретро-әндерді орындайтын облыстың барлық аудандары және Байқоңыр қаласының талантты жастары ұжым болып та, жеке орындаушылар ретінде де қатысты.

Шараға қатысушылар Қазақстан және Ресей авторлардың шығармаларын, Заманауи өңдеуден өткен ретро – әндерден тұратын екі турдан бақтарын сынады.

Байқоңыр «Космос» колледжінің 1 курс «Туризм» мамандығының білімгері Төлебаева Динар мен 1 курс «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» мамандығының білімгері  Байбосынова Наргиза,  ұйымдастырушылардың  тарапынан арнайы дипломдар  мен бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

 

Байқоңыр «Космос» колледжі

білім мекемесінің

 «жалпы пәндер» оқытушысы

Акмурзаева Б.С.