Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Өзіндік тиімділік

 

Сабақтың тақырыбы:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Өзіндік тиімділік

Жалпы мақсаты:Өзін-өзі реттеу модулі туралы түсінік бере отырып, өзіндік тиімділігін арттыру және ішкі әлеуеттілігін арттыру
Оқу нәтижелері:1.Өзінің ішкі әлеуеті туралы түсінік қалыптастырады

2.Ішкі ресурстарын басқаратын қабілеті артады

3.Ішкі түйсікті  сезінеді

Түйінді идеялар:Өзін-өзі реттей білу.

 

Ресурстар

 

Постер, қаламдар,слайд, бейнетаспа, қиықшалар, стикерлер
Әдіс-тәсілдерЖИГСО әдісі, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс

 

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:1. Психологиялық тренинг . (Кілт)

Өз қимылыңды тап. Қолдарымызды жайлап көтереміз. (Бұл жерде бұлшық еттерді күшпен көтерудің қажеті жоқ. Егер қолыңды жеңіл көтерсең, қолыңыз  еркін көтеріледі.)  (Х.М. Алиев)

Осы қолымызды жайлап көтеру арқылы не сезіндіңіздер?

Қатысушылар смайликтер арқылы 4 топқа бөлінеді.

 

2. Бейнетаспа  қарау

— Осы көрген адамға сипаттама беріңдер.

— Қандай адам деп ойлайсыңдар?

(Бұл адамның ширақ қимылына қарап, өзіне сенімді, өзін еркін сезінетін, өзін-өзі реттеп өзін билей алатындығы  көрініп тұр)

 

3.Ассоциация

«Өзін-өзі реттеуі» сөзіне ассоциация жасау

Әр топ жеке, топта өз пікірлерін білдіре отырып, постермен қорғайды.

 

4. Мәтінмен жұмыс. (Өзін-өзі реттеу туралы қиықша таратылады)

Мәтінді ЖИГСО әдісімен талдау

1)      Топтарға бөлу («жанұяға»-1,2,3,4). Мәтін бойынша 4 топқа бөлу.

2)      Топтың әр мүшесіне тапсырма беріледі. Берілген бөлік мәтінді түсініп оқу.

3)      Сараптау топтарын бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)

4)      «жанұя» тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бірі-біріне үйретеді.

Мәтін

1-топ. Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді.Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.

 

2-топ. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесін шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар тағы басқа) реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл-ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек.
3-топ.  Қабілет, өз абыройын сезу және өзін-өзі ретттеу-демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері. Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы сұрақ қояды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істедім?» Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?» «Мен қалай істеуім керек?», «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» тағы басқа. Мұндай сұрақтарда талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады.
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады.Әрбір жалпы іске- өнімді еңбек пікір талас жарыс, жорық, демек, түрлі іс-әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларда ұжымда өзін-өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді.Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға оның барысың қадағалап бақылауға үйренеді. Өздерің сол істің иесімін деп сезінеді.
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін лайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Бағалау. Үш шапалақ.

 

5.Өзін-өзі реттеу жаттығуы. «Кірпі» қаражорға биінің қимылын бейнетаспадан көру арқылы жасайды.

 

6. Ой толғаныс

Сөйлемді аяқта!

·          «Мен жұмыс жасаймын ……..»

·          «Бір кездерде бастаймын ………….»

·          «Менің алғашқы қадамым болады…………»

Автор орындығы.

 

7. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»