МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Қазіргі кезде заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбіроқушыда сапалы да терең білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылықпен өзбетімен жұмыс істеуі, ойлауғақабілетті болуы,өз ойын еркін ашық жеткізе білуі талап етілуде. Ал бұл талаптыорындауда мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беруші ретінде бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек деген сөз.          Математика пәнінен сабақ бере отырып, оқушылардың бұл пәннен білім сапасын қалай  арттыруға болады деген ой мені  үнемі толғандырып келеді. Оқушылардың өзіндікжұмыстары міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар олардың дербестігін,тапсырманы оқушының білім деңгейіне сай болуын керек етеді, тек сол жағдайда ғанаоқушы өзіне берілген тапсырманы қызығып ықыласпен орындайды. Егер оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланбаса, яғни берілген тапсырманы орындай алмаса, онда олбасқалардан бір сатылап төмендей береді, оқушының пәнге деген қызығушылығыартпайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасауы екі бағытта өрбиді, яғни «оқушы мен оқушы» және «оқушы мен мұғалім». «Оқушы мен оқушының»  бірлескен әрекеті қандай болмақ, оқушы өзіне түсініксіз сұрақтарды қасындағы серіктесімен бірге талдайды, талқылайды. Ал «оқушы мен мұғалімнің» бірлескен әрекеті бойынша оқушы басты тұлға болса, мұғалім бағыт-бағдар беруші, кеңесші.Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден,өзбетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет — балалардың қабілеттерін жан-жақты ашу. Осы себептерге сәйкес математикада, алгебра сабақтарында және геометрия сабақтарында өздік жұмыстарды (зерттеу, дәлелдеу) ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын. Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады.Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды, өздігінен білім алуға талпынады. Жұмыс нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.Математика пәнін оқытуда өздік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет.Әр түрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушылардың кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз бетімен өмірде пайдалана алуға үйретеді.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет 
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3. Өздік жұмыстар түрлі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.
Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

 

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;оған әсер ететін мотивтер.Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру — күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).3) Міндетті түрде тексерілуі керек.4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.Математикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады:                                                                     — оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;                                                                    — оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;                                                                                  — алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;                                                                      — оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар.- арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;- есептеу тәсілдерін игеруге арналған:- ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;                                                            — белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;                       — байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;                                                                            — дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.
Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныптарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды,  жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.Оқушыларға көмек көрсету негзінде құрылған сабақтарға тоқталайын. 9-шы класс оқушылары «Вектор» тақырыбын қорытындылауда  оқушыларға үйден вектор туралы оқулықта баяндалған материалдардан басқа, оны өмірмен байланысына , қолданбалығына көңіл бөлуге тапсырма бердім.Тапсырманы орындау үшін қандай идеяларды басшылыққа алу керектігі туралы айттым. Олар өз бетінше кітапханалардан , ғаламтордан материалдарды жинақтап, өңдеп жобалар құрастырып, оларды интерактивті тақта арқылы көрсетіп, сыныптастарымен ой бөлісті. Векторлардың мамандықтармен, техникамен, табиғатпен, айналадағы құбылыстармен тағы да басқа көптеген қолданыстарын атап көрсетті.  6-класта  «Жиынның қиылысуы мен бірігуі» тақырыбындағы өзіндік жұмыстармен жүргізілген сабағыма тоқталып өтейін: Сабақтың тақырыбы мен  мақсаты хабарланған соң әр топқа оқулықтағы ақпаратпен жұмыс жасауға бағыт-бағдар берілді.1-топқа оқулықтан жиын ұғымын, анықтамасын, жалпы жиын туралы түсінік беру тапсырылса, 2-топқа жиынның Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы берілуі, Эйлер-Венн дөңгелегінің мағынасын ашу, ал 3-ші топқа швед математигі Л.Эйлердің өмірі туралы жалпы мағлұмат беру тапсырылды. Білім беруде диалогтық оқыту жүйесі көрініс тапса білім сапасының артатындығына көзім жетті. Диалог оқушылардың білімді жете түсінуіне, меңгеруіне, жұппен, топпен жұмыс жасаған уақытта тиімді. Мысалға оқушылар топта жаңа тақырыптың мәнін ашуда, яғни жиынның шығу тарихы,  анықтамасы, жиынның Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы берілуі туралы талқылауда бірі-бірімен пікір алмасып, ой бөлісті. Жаңа тақырып бойынша мағлұматты слайдпен сұрақ-жауап арқылы пысықтап алғаннан соң , әр топқа теорияны практикамен ұштастыру мақсатында тапсырмалар берілді. Қорыта келе өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру негізінде оқушыларымнан мынадай өзгерістерді байқадым, оқушылардың жиын тақырыбы бойынша өз ойларын, пікірлерін білдіруіне мүмкіндік туды, басқа сыныптастарында түрлі идеялардың болатындығын түсінді, оқушылар өз пікірлерін анық, ашық айтуға, дәлелдеуге топта талқылауға дағдыланды.       Топта, жұпта, деке жұмыс жасай отырып, қалай оқу керектігін үйренді. Жиынды және элементтерін тани білді, Эйлер-Венн дөңгелегін есептер шығаруда қолдана білді, сыни ойлауға, өзін-өзі бағалауды үйренді.                                                                                                                                  Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың пәнге деген қызығушылығын ,таным қабілеттерін, олардың белсенділігін арттырады.