Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ.

 

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ.

Сабақтың мақсаты: 1). Автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің    мазмұнын түсіндіру.

2). Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту.

3). Табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік,     проблемалық, СТО технологиялары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық жаттығу.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын!

Күлші кәне достым,

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

  1. Үй тапсырмасы: Абай Құнанбайұлы. Қыс.

Абай Құнанбайұлының өмір жолы.

Қыс –өлеңді жатқа айту.

Сұраққа жауап беру, пысықтау.

Сызбамен жұмыс:

 

Шын  аты

 

 

 

Туған жері, жылы

 

Қоғамдық қызметі

 

 

қызметі

Абай

 

 

 

Өлеңдері
Отбасы

 

 

 

 

 

  1. Қызығушылықты ояту.

Аяз сөзіне байланысты теңеу сөздерді табу.

Аяз –ызғар, үскірік, зәрлі, шұнақ, мұздай, шытынаған.

  1. Жаңа тақырып: С.Сейфуллин. Қызыл шұнақ. 

Сәкен Сейфуллин жайлы мағлұмат беру.

Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы Ақадыр ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Ол шығармашылықпен белсене айналысты. 1917 жылы “Жұбату” атты тұңғыш әңгімесін жазды. Қазақ әдебиеті оқулықтарын жасауға қатысты.Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері бар.

  1. Мағынаны ашу.

*Өлеңді  мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

*Өлең құрылымын талдау:

Лирикалық өлең. 3-шумақ, 12-тармақ.

Ұйқасын табу:   1-шумақ                2-шумақ                      3-шумақ

… үскіріп,                 … жабады.                   … ашады

…ысқырып.              … сабады                    … шашады.

*Тізбектеп оқу.

*Сөздік жұмысы.

Қызыл шұнақ – бет қаратпайтын аяз, үскірік

Ұшан-теңіз – шексіз, өте көп

*Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

Қыс-қысаң,

Жаз-жазық.

*Жұмбақтың шешуін табу.

1.Суда мұз бар,                                       2. Құлағы мен көзі жоқ,

Жерде қар бар.                                            Жоқ, тіпті, қол мен аяғы

Боран борап соғады,                                   Бірақ  ғажап өнерпаз,

Бұл қай кезде болады?   (Қыс).                  Мәнерлеп ою ояды.  ( Аяз).

 

 

  1. Ой толғау.

Өзің тұрған жердегі қыс  табиғатын өз еліңдегі қыспен салыстыр.

Сәкеннің  қысыБіздің қала қысы
Шұнақ аяз

Қалың қар

Қатты боран

Дала аппақ

Жылы күн

Жаңбыр, мұздақ

Салқын жел

Дала балшық

 

  1. Қорытынды.

Қыс мерекесі жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жыл кешінде шырша болуы керек. Бүгін шыршаның бетін қар жауып тастапты. Қарды тазарту үшін тапсырмаларды орындау керек. Сонда шыршаны қардан тазартамыз.

1-сұрақ. С.Сейфуллин кім?

2-сұрақ. Қай қыстақта дүниеге келген?

3-сұрақ. Өлеңде қыс бейнесі қалай суреттелген?

4- сұрақ. Қыс мезгіліндегі табиғатта қандай өзгерістер болады?

Сұрақтардың бәрін шештік, шыршамыз ашылды.

 Үйге тапсырма: өлеңді түсініп оқы, жаттап ал.

«Қыс келбеті» тақырыбына сурет сал.

Оқушы білімін бағалау.